Соңғы жаңалықтар

№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Менің газетім!

Менің газетім!

   Көпшілік таңның атысы мен кештің батысына дейін тіршілік қамымен жүріп, мәдени орындарға бас сұға бермейді дегенімізбен, бір мезгіл рухани сергуді қалайтыны жасырын емес. Осы тұста, шежірелі 85 жылдық тарихы бар «Жаңақорған тынысы» газеті алқалы әлеуметке өңірдегі өзекті жаңалықтар легін ұсынып, оқырманның рухани азық алатын серігіне айнала білді. Әсіресе, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, өзге өңірлермен салыстырғанда өрелі өнерімен дара тұратын Жаңақорған ауданының мәдени-сазды кештерін дер кезінде басылым бетінде жариялап отыратын төл газетіміз қашанда төрде тұрады. Олай болса, құрметті ойлы оқырман! Ауданның үнжариясына жазылуға белсенділік танытайық.


Әбсұлтан ӨТЕПБЕРГЕНОВ,
Б.Байкенжеев шығармашылық
мектебінің жетекші маманы.



06 қараша 2018 ж. 1 312 0