№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жарымжан жігітпен бас қосқан қазақ қызы күйеуіне екінші әйел алып бермек

Жарымжан жігітпен бас қосқан қазақ қызы күйеуіне екінші әйел алып бермек

   Асыл Рахымжан осыдан төрт жыл бұрын Қызылорда облысы Қазалы ауданының қызы Күмісай Аманжолқызына үйленген. Келіншек енді күйеуіне екінші әйел алып бергісі келетінін жасырмады деп жазады "Еуразия" бірінші арнасындағы "Кеш қалмайық" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


   Күмісай ең алғаш Асылдың үйіне өзі іздеп барған.
"Асыл екеуміз желі арқылы танысып, алты ай сөйлесіп жүрдік. Қазір шаңырақ көтергенімізге төрт жыл болады. Асылды ең алғаш өзім іздеп барғанмын.
Оның аяқ-қолы істемесе де, салмақтылығы мен имандылығын ұнаттым. Көбісі "Асылдың байлығына қызыққан", "Мына қыздың тағдыры дұрыс болмай, сол жігітке үйленген ғой" деп пікір білдіреді.
Бірақ Асыл бір зейнетақысымен күн көріп отырған адам. Ал мен осыған дейін тұрмыста болмағанмын", - деп ағынан жарылды Күмісай Аманжолқызы.
Жас келіншек өзінің мүгедек жігітке тұрмысқа шығуына әкесінің қарсы болмағанын, алайда анасының уайымдағанын жасырмады.
"Негізі махаббат некеге дейін емес, некеден кейін басталады ғой. Асыл да, менің ата-анам да намаз оқиды. Екеуміз үйленгеннен кейін барып, бір-бірімізге ғашық болдық.
Бұл шешімім жайлы айтқанда, анам қарсы болды. Ал әкем өзінің батасын берді. Ол кісі "Барлық адам бірдей ғой. Анау мүгедек, мынау сау деп бөлуге болмайды. Алладан қорқатын иманды жігіт тапсаң болды" деді.
Анамның жүрегі ауырғанымен, әкеме қарсы келмеді", - деді арбаға таңылған жігіттің жары болған Күмісай.
Сондай-ақ, ол күйеуіне екінші әйел алып бергісі келетінін жайып салды.
"Ол менен рұқсат сұраған. Мен өз келісімімді бердім. Күйеуімді жалғыз өзім жуындырып, киіндіретін болғандықтан, ол "Жаныңа көмектесетін адам керек" дейді. Күйеуімді қызғанбаймын", - деді Күмісай Аманжолқызы.




05 желтоқсан 2018 ж. 1 255 0