№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ер адам жүкті әйелінің жағын сындырды

Ер адам жүкті әйелінің жағын сындырды

Ер адам жүкті әйелінің жағын сындырып, мүгедек қып тастаған. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіне #НеМолчи қорының басшысы Дина Смаилова жазды.

Смаилова әйелді қалай ұрып-соққан баяндап берді.
«Әйелі түн ішінде келген отағасына орнын босатып, өзі баласының жанына жатқан. Түнде басталған айқай таң ата қайта жалғасып, күйеуі әйелінің бетінен, басынан ұрып, жағын сындырған. Әйел төргі бөлмеге қашып, құрсағын жастықпен жауып отыра қалған. Күйеуі болса, «Мен сенің ішіңдегі балаңды қазір өзім түсіремін» деп тебе жөнелген», - дейді Смаилова.
Ерлі-зайыптылар 13 жыл бойы азаматтық некеде тұрған. Араларында 9 және 3 жарым жастағы 2 бала бар. Күйеуі бұған дейін де келіншегін бірнеше рет сабап, ауруғанадан бір-ақ шығарыпты.
 «Ауруханадан шыға салысымен көлікте ұрған. Полицияға шағымдансаң көресің. Балалар менде» деп қорқытқан. Әйел амалы жоқтан үнсіз қалған», - деп жазды автор.
Алайда келіншек соңғы соққыдан кейін мүгедек боп қалған. Аналарының қан-жоса боп жатқанын бірнеше рет көрген балалары да әкелерінен қатты қоқып қалыпты. Тіпті 3 жарым жастағы ұлы қорқыныштың кесірінен тілі дұрыс шықпай, әлі күнге кекештеніп сөйлейді.
Бұл іске қатысты қазір полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.
<?php echo $this->API->getPageName(); ?>
16 қараша 2018 ж. 1 114 0