№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жапон ханшайымы қарапайым жігітке тұрмысқа шығу үшін тақ мұрагерлігінен бас тартты

Жапон ханшайымы қарапайым жігітке тұрмысқа шығу үшін тақ мұрагерлігінен бас тартты


Жапон ханшайымы Аяко Такамадо қарапайым жігітке тұрмысқа шығатынып хабарлап, тақ мұрагерлігінен бас тартты.Бұл туралы CNN хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
Жапонияның императорлық сарайының басқармасы Норихито Такамадоның үшінші және ең кіші қызы кеме қатынасы компаниясында жұмыс істейтін 32 жастағы Кеем Морияға тұрмысқа шығатынын ресми түрде хабарлады.
Ғашықтардың танысқанына бір жыл да болмаған. Олардың некелесу рәсімі 12 тамызға, ал үйлену тойы – 29 қазанға жоспарланған. Ал, соңғы салтанатты іс-шара Мэйдзи ғибадатханасында өтеді. Аяко және Кеем   жаһандық өркендеуге үлес қосуға деген ойлары бір жерден шығып, соның арқасында жақындасып кеткендерін мойындады. Сонымен қатар екеуі де кітап оқып, шаңғы теуіп, саяхаттағанды ұнатады екен.
Императорлық әдет-ғұрыпқа сай, жапон ханшайымы үйлену рәсімі өткеннен кейін тақ мұрагері атағынан айырылады. Дегенмен, оған шамамен миллион доллар беріледі.Айта кетейік, Аяко – махаббат үшін тақ мұрагерлігінен бас тартқан алғашқы ханшайым емес. Жапон патшасы Акихито мен Митико патшайымның немересі Мако Асикино да қарапайым жігітке тұрмысқа шықты. Олардың некелесу рәсімі 2017 жылдың қыркүйек айында өтті. Алайда, биылғы жылдың ақпанында ерлі-зайыптылар неке құруға әлі дайын емес екендіктерін хабарлады.

28 маусым 2018 ж. 880 0