Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әрбір мақалаға жауапкершілікпен қарау керек

Әрбір мақалаға жауапкершілікпен қарау керек

Мөлдір ІЗТІЛЕУ,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 3-курс студенті:


  – Қолына қалам алып, болашағын сөз өнерімен байланыстырған әрбір журналист очерк, эссе жанрын терең меңгергені абзал. Себебі, бұл жанрлар адам өмірінің мөлдір сырларын, адамның болмыс-бітімін, қоғамның тыныс-тіршілігін, негізгі проблемаларын суреттейтін күшке ие.
  Алайда, оны жазу жолы, ішкі иірімін табу, тақырыбын қою оңай емес. Осы жанрлардың қыр-сырын, өзіндік жазу мәнерін қалыптастыру жайын тәжірибелі қаламгер Баян Үсейінова апай түсіндіріп берді.
Апайдың сөз өрнегінен қандай да бір тақырыпты тарқатып, түйінін қалай жазу керектігіне қанық болдық. Яғни, әрбір мақалаға жауапкершілікпен қарап, еңбекпен, ізденіспен ұштасқанда ғана ұтымды болатынын түсіндік.
Бір сөзбен айтқанда, семинар жұмысы басылым бетіне жарияланатын әрбір мақаланы оқырман жүрегіне жеткізе білудің қаншалықты маңызды екенін ұғындырды.
25 қараша 2018 ж. 1 365 0