№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Инсулиннің таблеткасы бар ма?

Инсулиннің таблеткасы бар ма?

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐнÑÑлин«Oramed»фармацевтикалық компаниясы шамамен 2 жыл көлемінде инсулин екпесінің таблетка түрі пайда болады деп хабарлады, – дейді med.vesti.ru сайты.
Осыған дейін ақпарат көздеріндеАҚШ ғалымдары таблетка түріндегі инсулинді жануарларға сынағандығы туралы хабарлама шықты. Жалпы, егуді таблетка түріне ауыстыру мәселесі бұрыннан қозғалып келеді. Себебі ол диабеті бар адамдардың өмірін біраз жеңілдетері анық.
 Инсулин – ұйқы безі бөлетін гормон. Оның басты мақсаты – қандағы глюкоза мөлшерін азайту. Инсулин әрекетінің арқасында жасушалар глюкозаны ары қарай қолдану үшін жұтып алады, ал глюкозаның бір бөлігі майға айналады. Егер ағзада инсулин аз бөлінсе, қант диабетінің I типі болады. Бұл ауруы бар науқастар өмір бойы егілу керек болады.
Инсулиннің таблетка түрі шықса, проблемалардың біразынан арылуға көмектесер еді. Бірақ ең қиыны, 100% тиімді дәрі әлі күнге дейін өндірістен шыққан жоқ. Оның басты себебі: Қалыпты жағдайда инсулин ағзада ұйқы безі арқылы қанға түседі. Егер адам таблетка ішсе, ол қанға түспес бұрын асқазан мен ішектен өту керек. Ондай жағдайда асқазандағы тұзды қышқыл ақуызды (инсулин – ақуызды молекула) жарамсыз етіп, бұзады. Ішектер ферменті инсулинді аминқышқылдарына дейін бөліп жібереді. Ішек бүрлері инсулин секілді ірі молекулаларды сіңіре алмайды.   Ал, америкалық ғалымдар бұл айтылған кедергілерді жеңу үшін инсулин молекуласын "қаптаудың" әдісін ойлап тапты. Біріншіден, олар асқазан қышқылына қарсы тұра алатын арнайы капсула қолданады. Екіншіден, таблеткадағы инсулин ерекше ионды сұйықтықпен байланысты. Сол сұйықтық молекуланы "қорғайды", оның бүрлерден өтуіне көмектеседі. Жалпы ион сұйықтығы дәрінің ағзаға ену деңгейін жоғарылатады. Бұл сұрақтың келешегі бар Инсулиннің таблетка түрін егеуқұйрықтарға тексерген. Ғалымдар дәріні қолдану қауіпсіз деп отыр. Таблетканың тағы бір қосымша артықшылығы – дәріні өңдеудің арзандығы.
Ресей ғалымдары инсулин таблеткасының өз нұсқасын өндірді. Ол жоғарыда айтылғандай әсер етеді, бірақ ион сұйықтығының орнына ерекше гидрогель қолданылады. Оның басты мақсаты – инсулин молекуласын ішекке түсіп, сіңірілгенше оны қорғау. Демек, бірнеше жыл ішіндн инсулиннің таблеткасы шығуы әбден мүмкін.
15 қараша 2018 ж. 1 195 0