№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАНТ ДИАБЕТІ: САҚТАНУ, ЕМДЕЛУ ЖОЛЫ...

ҚАНТ ДИАБЕТІ: САҚТАНУ, ЕМДЕЛУ ЖОЛЫ...


Кейінгі кезде қант диабетіне шалдыққандар қатары көбейді. Мәселен, Дүниежүзілік диабет федерациясының дерегінше, қант диабетіне әлемде 450 млн. астам адам шалдыққан. Бұл көрсеткіш жыл өткен сайын өсе бермек. Тіптен, 2040 жылдары 600 млн-ға жетуі мүмкін. Қазақстанда да бұл сырқатқа шалдыққандар саны аз емес. Ресми деректерге қарағанда, 400 мыңға жуық. Ал, Сыр өңірінде 10 мыңнан аса адам қант диабетінің зардабын тартуда. Әсіресе, дерттің жасарып бара жатқанына дәрігерлер алаңдаулы. Бүгінде облыс бойынша 96 бала инсулинге тәуелді. Бұл сырқаттың аудандағы ахуалы қалай? Алдын алу жолы қандай? Емделудің жолы бар ма? Осы сұрақтарға жауап іздесек.
Қант диабетінің басты себептері тез дайындалатын тағамдарды жиі тұтынумен байланыстырады. Сондай-ақ, ұйқы безі гормонының бұзылуынан бұл ауру асқынады. Кесірі зат алмасудың барлық түрлерін, тамыр, жүйке жүйесі және басқа жүйелер мен органдарды бұзуға әкеліп соғады. Зәр ақшыл түсті, қант араласу салдарынан тығыздығы жоғарылайды. Баланың тәбеті жоғарылайды, көп тамақ жейді. Ем қабылдамаған жағдайда аурудың асқынуы жылдар бойы үдеп отыратын көрінеді. Диабетпен барлық жастағы балалар ауырады, соның ішінде 5-13 жас аралығындағы балаларда жиірек кездеседі. Мамандардың пікірінше, бұл дертке шалдығу қаупі дәл қазір мейлінше арта түскен.

АУДАНДАҒЫ АХУАЛ ҚАЛАЙ?
Жаңақорғанда қант диабеті бойынша 798 адам тіркеуде тұр. Жыл басынан 100-ден аса науқас осы дертпен тіркеліпті. Осыдан-ақ қант диабеті аудандағы басты мәселе екенін түсінесіз. Ересектер эндокринологы Алтынай Алшынбайқызының айтуынша, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш мың тұрғынға жетуі әбден мүмкін.
– Диабеттің ең қауіптілігі адам өліміне алып келеді. Бұл дертке шалдыққандардың жүрек соғуы баяулайды, екі бүйрек істен шығады, ең ауыры аяқтан қалады. Шыны керек, қазір көп адам бұл індетке мән бере бермейді. Қандағы қант мөлшері 6,1 деңгейге жетпей дәрігерге қаралуға кеңес беремін. Себебі бұл жағдайға жетсе, аурудың асқынған белгісі деуге болады. Ал, бізге 10-нан асқанан кейін қаралып жатады. Мұндай деңгейге жеткенде емнің қонуы қиын. 45 жастан асқан, дене салмағы ауыр адамдар мен гипертонияға шалдыққан жандар аптасына бірнеше рет тексеріліп отырғаны жөн. Дерттің бұл түрі тұқым қуалайды. Туысқандарының бірі қант диабетімен ауырған адамдар да тексерістен жиі өтіп тұрғаны дұрыс, – дейді эндокринолог маман.
Бір сөзбен айтқанда, қант диабетінің пайда болуына адамның дұрыс тамақтанбауы мен дене қимылының азаюы және күйзеліс себеп болады екен.
Расында, қазір технологиялық үдерістер адамның дене қимылын азайтты. Бүгінде нарықтық қатынастар қалтаның қамын күзетуге кірісті. Мұндай жағдайда адам басынан күйзелістің өтпеуі мүмкін емес. Бұл да диабеттің асқынуына алып келеді. Сондықтан, психолог мамандармен кеңесіп тұрған жөн екенін жасырмайды дәрігерлер.
– Әсіресе, аяғы ауыр жандар стреске түспеуі тиіс. Себебі, ол іштегі нәрестеге әсер етеді. Егер тығырыққа тірелген сәт болса онда психологқа жүгінген жөн. Ең бастысы, ашуға көп ерік бермеңіз, нерв жүйеңіз шаршамасын, – дейді емхана психологы Гүлзипа Сарбасова.

АЛДЫН-АЛУ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?
Аурудың және диабет асқынуларының алдын алу үшін мынадай қағидаларды білу керек. Үнемі емдеу және қан құрамындағы қанттың деңгейін бақылау ұстау қажет. Қант диабетімен ауыратын науқас эндокринолог дәрігерде есепте тұруы тиіс. Құрамында көмірсуы көп тамақ түрлерін, тәтті торт, конфет, балды шектеген жөн. Фаст-фуд, майға қуырылған картоп, қытырлақ нанды да аздап жеу керек. Спортпен шұғылданып, көп қозғалу қажет. Егер ауыз құрғап, көп шөлдесеңіз, жалпы аурудың белгілері басталса бірден дәрігерге баруға кеңес береміз. Жаман әдеттерден (темекі шегу, алкоголь ішуден) арылыңыз. Дұрыс тамақтануды жолға қойыңыз, артық салмақтан және семіздік ауруынан арылыңыз. Вирусты жұқпалы аурулардан сақтануға, ауру жұққан жағдайда дер кезінде емделуге тырысыңыз. Созылмалы аурулардан – артериал гипертензия, жүрек ишемик аурулары, панкреатит, тағы басқалардан емделіп жүруге тырысыңыз. Күнделікті 5-6 шақырым жаяу жүріңіз, таза ауада серуендеңіз, спортпен айланысыңыз.
Тәтті және майлы тағамды шегеру қажет. Тәтті тамақтар қанда глюкоза мөлшерін тез көтеріп жібереді. Аздап жеуге болатын тамақтарға нан, жұмыртқа, картоп, күріш, ұн өнімдерінен даярланған тамақтар, жаңа ет, шұжық, құс еті, балықтың майсыз түрлері дәнді дақылдар, тәттілігі жоқ көкөністер жатады. Бұл тағам түрлері қандағы глюкозаны аз мөлшерде көтеруі мүмкін. Ал, құрамында нәруыз (белок) және майлар бар ас қанда глюкозаның көтерілуіне әсер етпейді. Сондықтан, дәрігер тыйым салған тағамдардан тыйылғаныңыз жөн. Қант диабетіне жеңіл қарамаңыздар...

ЕМДЕУДІҢ ЖОЛЫ БАР МА?
Қант диабетін емдеудің негізі – диета сақтау. Әрине, науқас толық жазылып кетпейді, дегенмен, ауруды бірқалыпты сақтап тұруға ықпал жасайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, емдеудің медикаментті құралдарын қолданбастан тек диетотерапиямен ғана ауруды үш жылға дейін асқындырмай ұстауға болады. Бұдан әрі науқасқа қантты азайтатын дәрі-дәрмектер тағайындау қажет. Олардың көмегімен 2-типтік қант диабетімен ауыратындар бес жылға дейін қанттың орташа деңгейін ұстап тұра алады. Бұдан кейін дәрі-дәрмектер мен инсулинге көшеді. Асқынған жағдайда ауру адамды өзімен бірге алып кетеді. Сондықтан, қант диабеті терапиясының басты қағидасы аурудың басталған кезінен бастап, емдеуді қолға алу маңызы зор. Яғни, белгісі байқалған күннен бастап емдеуге кіріскен жөн.
Инсулинмен емдеу-инсулин препаратының әсер ету ұзақтығына байланысты 3 түрі бар. 8 сағат, 10-14 сағат және 24-36 сағат. Тағы бір ерекшелігі әр еккенде егу орны алмастырылып отырылады, егер алдында препаратты дене температурасына дейін жылыту қажет, ине үшкір болғаны жөн, препарат жай егілу қажет.
Қазіргі уақытта Қазақстанда қант диабетінің салдарымен күресу үшін мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Зардап шегетіндер инсулинмен 100 пайызға қамтамасыз етілгенімен, арнайы кешенді бағдарламалар жоқ. Эндокринолог-мамандардың жетіспеушілігі де баса назар аудартуда. Сондықтан, дәрігер тарапынан үмітті көбейтпей, өзіңізде әрекет ете бергеніңіз абзал. Бұл ең тиімді жолы болмақ.
Қорыта айтқанда, қант диабеті адам өміріне өте қауіпті дерт. Оған бей-жай қарамағанымыз абзал, әсіресе келешек ұрпақ қамын ойласақ, бүгіннен әрекет еткен абзал...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
05 маусым 2018 ж. 3 110 1

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 18:56
Cialis Tadalafil En Ligne Kosten Levitra Bayer Vital order cialis online Pregnant And Taking Amoxicillin Levitra 10 Posologie Viagra Without A Doctor