№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Міндетті түрде оқыңыз: Дайын кеспені жиі қолданасыз ба?

Міндетті түрде оқыңыз: Дайын кеспені жиі қолданасыз ба?

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð±Ð¸Ñ Ð¿Ð°ÐºÐµÑЖылдам пісетін кеспе асқазан жұмысын бұзатын, зиянды тағамдардың көшін бастап тұр. Дегенмен, әлем бойынша 1 жылда 44 миллиард дайын кеспе қаптамасы пайдаланылады екен. Бірақ, бұл тағам инсульт, рак секілді қауіпті ауруларды туындатуы әбден мүмкін.
Зерттеу деректеріне сүйенсек, дайын кеспені жоғары сұрыпты бидай ұны,  пальма майы,  крахмал,  балауыз, түрлі дәм бергіш тұздар, "эмульгатор"(сорбит, соя майы, лецитин) және  "премикс"(карбонат калий, гуар шайыры, полифосфат натрий, рибофлавин) аспаздық қосымшасын қосып дайындайды. Бұл қоспаларды көп мөлшерде жесе зиянын тигізеді.
Дайын кеспені жиі пайдалануға болмайды. Әрдайым мұндай тамақ жейтін адамның ағзасына қажетті дәрумендер жетіспейтін болады. 
Сонымен қатар, жапон ғалымдары оның құрамындағы ингредиенттердің табиғи емес екенін ескертті. Сол себепті, асқазанға оны қорыту ауырға соғады. Гарвард сарапшылары Оңтүстік кореядағы әйелдердің жүрек аурулары мен инсульт қаупі жоғары екендігін анықтады. Олардың ойынша, кәріс әйелдер кеспені өте көп жейді.
Айта кетейік, асқазан-ішек жолы, жүрек және бүйрек аурулары бар адамдарға жылдам дайындалатын кеспені жеуге болмайды. Кеспенің өзі емес, сорпасы зиян, себебі оның ащы бұрышы мен тұзы көп. Маңызды Жылдам пісетін кеспенің макарон өнімінде гидрогенді майлар (гидрогенизированные жиры) болуы мүмкін. Ал, ол ағзаға ең зиянды болып саналады. Сондықтан, кез-келген өз денсаулығына жаны ашитын адам, зиянды, құнарсыз тағамдардан аулақ болғаны жөн.
15 қараша 2018 ж. 1 863 0