Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Асқазанға шипа болатын «бутерброд»

Асқазанға шипа болатын «бутерброд»


Санулы күннен кейін күзбен бірге жаңа оқу жылы басталады.
Бұл кезде балалар мен жасөспірімдер сабаққа асығамыз деп жүре тамақтанатыны белгілі. Ал мұның соңы асқазанның түрлі ауруларына себеп болады. Сондықтан ата-аналарға асқазан ауруларының алдын алатын емдік май рецептін ұсынбақпын.
 Сізге керегі – 200 грамм жібіген кілегей майы, 1 шай қасық мыңжапырақ шөбі, осынша шайқурай шөбі, сосын қырмызы гүлінің 1 ас қасығы. Мұның барлығын ұнтақтау керек. Дайын болған ұнтақты кілегей майымен араластырасыз. Ол хош иісті шөптен алынған май болады. 
 Енді бидай немесе қарақұмық нанын алып, үстіне осы дайындалған емдік майдан 1 шай қасық жағып, тамақ ішерден жарты сағат бұрын жеу керек. Бұл «бутерброд» асқазаны ауыратын адамдарға таптырмас ем. Себебі шөптер (әсіресе шайқурай) ауруды басса, май асқазан жұмысын реттейді. Ал қара нан асқазан сөлін бөліп шығаруға көмектеседі.

Дереккөз: Zamana.kz сайты.
17 қыркүйек 2018 ж. 1 393 0