№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жас тораңғылдардан да маза кетті

Жас тораңғылдардан да маза кетті

  Орманды қорғау және күзету бойынша биыл біршама жұмыстар атқарылды. Әсіресе, сексеуіл ағаштарына көп мән берудеміз. Себебі, бұл ағаштар жойылудың аз-ақ алдында тұр. Былтыр 12,1 шаршы метр сексеуіл ағашы заңсыз қолды болса, биыл ол үш есеге азайды. Десе де, кесуге 10 жылдық мараторий жарияланғанымен әлі күнге дейін тұрғындар заңға бағынатын емес. Сондай-ақ, қызыл кітапқа енген жас тораңғылдардан да маза кетті.



  Сондықтан, тұрғындарға құллаққағыс болсын, егер тораңғылдың әрбір данасының өсуін тоқтату дәрежесіне зақым келтірген болсаңыз 9620 теңге айыппұл төлейсіз. Ал, жою бойынша істі болсаңыз әрбір түбі үшін 14430 теңге шығымды өтейсіз. Ал, ауыр түрі мынандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабына сәйкес тораңғылдарға зиян келтіргеніңіз үшін 3000 айлық негізінде айыппұл немесе 3 жыл бас бостандығынан айырылуыңыз мүмкін. Жалпы, қандай ағаш болмасын оған зиян келтірудің орнына оны күтіп, аялап қарау әрбір тұрғынның азаматтық борышы деп санаймын. Сондықтан, табиғат талан-таражға түспесін десек орман байлығына мейіріммен қарайық ағайын!

Бақытжан ИСМАТОВ.
14 қараша 2018 ж. 1 000 0