№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛДІ ҚОРҒАУ – ЕРЛЕРДІҢ ІСІ

ЕЛДІ ҚОРҒАУ – ЕРЛЕРДІҢ ІСІ

Кеңестік кезенде әскерге бармаған ерлер өзін абыройсыз санайтын. Сондықтан, алып империяның қай тұсында болсын азаматтық борышын өтеуге асығатын. Нарықтық қоғам мұндай ұстанымды күйретті. Қазір жастар үшін қаржы тапқан ұтымды. Сондықтан, әскерге барудан қашатындар көбейді. Тіптен, 3345 азамат Жаңақорған ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүлде келмепті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде күзгі және көктемгі мерзімде әскерге шақыру науқаны жүретіні белгілі. Сәуір айының басынан бастап көктемгі әскерге шақыру басталды. Мамандардың сөзінше, науқанға жастар селқос қарып, түрлі сылтаумен әскерге бармаудың айласын жасауда. Оған ата-аналарда дем беріп жүр.
– Жылда облыс бекітіп берген межені асыра орындайтын едік. Алайда, биылғы наурыз-маусым мерзімінде жастарды әскери қызметке шақыру қиынға соғуда. Аудан межесі – 88. Бүгінге дейін 46 бала жіберуіміз керек еді. Алайда 33-ке енді толды. Әскерге бару былай тұрсын шақырту комиссиясына келмейтін болды. Енді заң бойынша әрекет жасаймыз, – деді Жаңақорған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының уақытша міндетін атқарушы Марат Бекназаров.
2014 жылғы дерекке сай, аймақ бойынша әскерден жалтарғандар тізімінде Жаңақорған ауданы төменгі орында болса, 2018 жылы әскерден қашқандар мен тексеруден өтпейтіндер тізімінде алғашқы қатарға еніпті.
Енді шақыру комиссиясына салғырттық танытқан ауылдық округтерге тоқталсақ. Ескерте кететін жайт, жастардың көбі өзге аймақтарға қоныс аударып немесе жұмыс сапарымен жүргендері де бар. Сонымен, көштің басында Жаңарық, Қосүйеңкі, Бесарық тұр. Бұл ауылдарда пайыздық көрсеткішпен есептегенде медициналық тексеруден өткендер 10 пайызға да жетпейді. Бұл тұрғыда манаптықтар сергектік танытуда екен. Оның ішінде, Жаңақорған кенті де мәз емес. 1063 жас келу керек болса, соның 913-і тексеруден өтпеген. Осыған орай, кент аппаратының әскери есеп бас маманы Гүлбаршын Сапарбаева мүлдем келмеген 85 жастың тізімін тізбектеп берді.
– Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен жастардың патриоттық сезімі жоғары дей алмаймын. Ата-бабаның аманаттаған жерін қору әрбір жастың асыл міндеті емес пе? Осыны ата-аналар жастардың бойына сіңірсе дұрыс болар еді, – дейді бас маман.
Осы орайда, Заң талаптарына тоқтала кетсек. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 387 бабы бойынша әскерден жалтарғандар үшін жаза күшейтіліп отыр. Яғни, әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған жағдайда 1000 айлықтық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Демек, 1 982 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді, болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, өзінің денсаулығына зиян келтіру, жалған құжат жасау немесе өзге де әдісті қолданғандарға 3000 айлық есептік (5 946 000 теңге) көрсеткішке дейінгі мөлшерде салынады немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Егер әскерге шақырылушы тергеп-тексеру органы істі сотқа бергенге дейін әскерге шақырылуы пунктіне өз еркімен келсе, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Сонымен қатар, уақытылы әскери есепке тұрмағандар 9910 теңге, медициналық тексеруден бас тартқандар 5946 теңге айыппұл төлейді.
Жалпы, әскерге баратын сарбаздар ҰҚК-нің шекара қызметіне, Қорғаныс министрі әскери бөлімі мен Мемлекеттік күзет қызметі және ұлттық ұлан қатарына қосыла алады. Сондықтан, күн сайын ата-ана және азаматтармен сөйлесіп, оларға патриоттық ұғымның ұлылығын ұқтырып, әскер қатарына қосыла алады. Нағыз әскери саланы таңдағыңыз келсе, онда ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарына түсуге болады.
Ерлік – ердің ісі. Ескіден қалған ұлағаттан тәлім алмасақ, қалайша «Мәңгілік Елге» айналамыз. Сондықтан, сананы нарық билеген заманда жастарға дұрыс бағыт-бағдар бере білейік.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
05 мамыр 2018 ж. 1 912 0