№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БОЗБАЛА, ОТАН ҚОРҒАУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?

БОЗБАЛА, ОТАН ҚОРҒАУҒА ДАЙЫНСЫҢ БА?


Ауданда «Отан қорғау – абыройлы міндет» деген ұстанымнан гөрі қалта қамын күйттеген жастар саны 3345-ке жетті. Неге? Себебі, ата-ана ұлының Отан алдындағы міндетін орындауына құлықсыз. Ал, жастар нарықтың құлына айналды. Сонда елдіктің айбыны саналатын әскерге кім барады? Осы сұраққа аудан әкімдігінің мәжіліс залында жауап ізделді. Әрі әрбір ауылдық округ әкімдеріне науқанға бей-жай қарамау тапсырылды.
Аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық еткен жиынға көктемгі әскерге шақыру науқанына жауапты мамандар қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Айтпенбетов мән-жайды былай түсіндірді: «Биыл көктем-жаз мезгілінде жастарды әскерге жөнелту өте баяу өтуде. Тіпті, белгіленген меженің жартысын орындай алмай, облыста төмен көрсеткіш көрсеттік. Жастарды әскерге тартуды заң аясында ұйымдастырып, тиісті шара көру қажет. Басқа амал жоқ. Тіпті, науқанға селқос қараған ауылдық округ әкімі мен жауапты маманына тиісті шара көрген дұрыс».
Талап пен Екпінді ауылдық округінде әскерге аттануға ниеттенген жастар саны артқан. Алайда, Ақүйік, Қандөз, Сунақата, Қаратөбе, Қыркеңсе, Өзгент және Жаңарық ауылдық округінде пайыздық көрсеткіш тым төмен. Осы аталған округ әкімдерінен әскер жасындағы жастардың комиссияға келмей жүргені сұралды.
Әкімдер ауылдағы жастардың көпшілігі студент екенін немесе өзге қалаларда жұмыс жасайтындығын ескертті. Ал, ауылда қалған санаулы жастардың өзі әскерге барудан қашқақтайтынын жасырмады.
Жаңақорған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Марат Бекназаров:
– Бүгінге дейін 1063 азамат тексеруден өтуге тиісті болса, оның 913-і әлі медициналық тексерілуден өткен жоқ. Ал, 85-і военкомат есігін мүлдем ашпаған, – деді.
Ол заң талаптары күшейтілгенін ескертті. Яғни, әскерден жалтарғандарға айыппұл көлемі артқан. Егер әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаса 1 982 000 теңге, денсаулығына зиян келтіру немесе жалған құжат әзірлеу жағдайы анықталса 5 946000 теңге айыппұл салынады немесе үш жыл бас бостандығынан айырылады. Заңнамада уақытылы әскери есепке тұрмағандар 9910 теңге, медициналық тексерістен бас тартқандар 5946 теңге айыппұл төлейтіні айтылды.
Аудан басшысы Ғалым Әміреев ауыл әкімдігі, қорғаныс істері жөніндегі бөлім және жергілікті полицияның мәліметтерін сәйкестендіріп, әрбір азамат жайында толық ақпаратты жасақтап, олардың әскерге бармай жүрген себебін анықтауды тапсырды.
Әрі көрсеткіші төмен Ақүйік пен Қыркеңсе ауылының әкіміне төл басылымға көктемгі әскерге шақыру науқанындағы нақты мәліметтерді беруді жүктеді.
Осыған байланысты Ақүйік ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ержан Кешубай жауап берді. Оның сөзінше, ауыл жастары жайлы база жасақталып, онда әрбір азамат жайында ақпарат жинақталуда. Қазір 116 студент пен әскерге баратын төрт жас анықталып, оларды медициналық тексеруден өткізу үшін жұмыстар жасалуда екен.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
02 маусым 2018 ж. 1 467 0