» » «НҰР-ӘДІЛ» – ЗАҢГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНАДЫ

«НҰР-ӘДІЛ» – ЗАҢГЕРЛІК ҚЫЗМЕТІН ҰСЫНАДЫ

«Нұр-Әділ» заңгерлік қызмет көрсету орталығы ашылып, тұрғындардың құқық қорғау бойынша сапалы қызмет ете бастады. Заң фирмасы қылмыстық істерді жүргізуде жәбірленушінің құқығын қорғау бойынша соттағы өкілі. Оның ішіне ақша мен жер дауы, алимент, еңбек шарты және ортақ мүліктерді бөлу қызметі кіреді.
  Қылмыстық, азаматтық, енбек шарты және әкімшілік істер бойын­ша кеңес беруге, келісім шартқа байланысты арыз шағымдарды өңдеуге заң фирмасы толық құқылы. Егер жақындарыңыз қылмыстық іс бойынша полиция бөлімшесіне күдікке алынса, «адвокатқа» (қорғаушы) жүгінгеніңіз дұрыс. Жазған шағымыңызды дұрыс қарамай, шығарылған шешімге келіспесеңіз қызмет көрсету орталығына жүгінуге толық құқылысыз. Көңіліңіз толмаған жағдайда заңгерлік кеңес беруге «Нұр-Әділ» заң фирмасы көмек бере алады.
Мәселен, жуырда жәбірленуші Бесарық ауылының тұрғыны Д.Орынбеков жол-көлік оқиғасы бойынша кәмелетке толмаған ұлы Марал Елдарды автокөлік жүргізушісі мас күйінде қағып кеткені жайлы ішкі істер органының тергеу әрекетіне көңілі толмай біздің қызметке жүгінді. Арыз берушімен заңгерлік көмек көрсету бойынша келісім шартқа отырып, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттеріне толық қатысып, іс-құжаттарды толық құрамда сотқа жолдадық. Нәтижесінде, кінәлі А. есімді азаматтын үстінен қылмыстық іс қозғалып, құқық бұзушыны жауапкершілікке тартылуына ықпал жасадық. Жәбірленуші Д.Орынбеков сот барсында кінәлі адам жауапкершіліктен құтылып кете ма деген күдікпен жүген болатын, алайда заң жүзінде кінәлі адам жауапкершілікке тартылып, күдіктен арылған жәбіленуші өз алғысын біздің заң фирмамыздың көмегіне жеткізді.
Енді азаматтық істер бойынша қызмет көрсету орталығының атқарған жұмысына тоқтала кетейік. Жаңақорған кенті, Саяжай мөлтек ауданындағы «Саяжай-5» көшесі, №39 үйдің тұрғыны Мақпал Джумдиллаева тұрғын үй дауына байланысты заң фирмасына жүгінді. Іс сотта қаралып, 2018 жылы 19-қыркүйекте аудандық сот шешімімен 3, 500 000 теңге жауапкерден талапкерге толық өндіріліп берілді. Сол секілді Әлімкөл көшесінің тұрғыны Нұргүл Оразбаева тұрғын үй мәселесі бойынша жүгінді. Ол сатып алған үйдің құжаттарын 2 жыл бойы заңдастыра алмай, дауға ілігеді, алайда заң фирмасы арқылы 1 ай ішінде құжаттарын толық заңдастыра алды.
Сондай-ақ, банк қызметіне байланысты дауларды да шешуде жүйелі жұмыс бар. Шыны керек, қазір көп мәселе несиеге байланысты ушығып отыр. Яғни, банк тарапынан заңсыз қосылған үстемақыны шығындалушы тарапқа қайта өндіріп береміз. Мәселен, Жаңақорған кенті, Сапарбеков көшесі №125 үй тұрғыны Дастан Рахманов та «Форте банк» (бұрынғы «Алянс банк») АҚ-ның біздің заң фирма арқылы сотқа берді. Себебі, банк заңсыз артық ұстаған үстемақыны қалалық сот шешімімен 240 000 теңгесін талапкер Д.Рахмановқа өндіріп берді. Аудан тұрғыны Ырысалды Тұрсынханов пен Ерлан Отарбаев Каспий банк арқылы алған несиелерін уақытылы төлей алмағандықтан барлық есеп-счеттары жабылып қалады. Фирма арқылы банкті сотқа беріп, барлық есеп-счеттарын аштырып, 4-5 ай бойы ала алмай жүрген еңбек ақыларын алды. Осындай қызмет көрсетіп келеміз.
Мұндай жағдай жиі кездесіп, оң шешімін тауып жатады. Банкіден алған несиелеріңіз бойынша қиындықтар туып жатса бізге келіп, кеңес алуға болады. Тұрғын үй және жер құжаттарын заңдастыру бойынша да заңгерлік кеңес беріп, жұмыстар жасаймыз. Өз жерін кәсіпкерлік мақсатқа айналдыру, шаруа қожалық тағы басқа мәселелер бойынша да көмектесе аламыз.
Егер сіздерге біздің заңгерлік қызмет көрсету орталығының көмегі керек болған жағдайда 8 (72435) 23-5-53, 8 702 264 77 37, 8 747 334 73 75 нөмеріне хабарласуларыңызға болады.

Дәулетбек ТҰРАБАЕВ,
«Нұр-Әділ» заңгерлік қызмет көрсету
орталығының басшысы, заңгер.
(Куәлік серия 3309 №0002143, 19.05.2016 ж.)
14 қараша 2018 ж. 1 668 3

Гость Jeahulalf от 11 ақпан 2019 08:18
Cialis For Daily Use Prices Cialis Y Prostata cialis canada Le Cialis Moin Chere Achat Propranolol Tabletten Viagra

Гость Jeahulalf от 3 наурыз 2019 15:10
How Strong Is 250 Grams O Amoxicillian Singapore Online Store Drug Herb Viagra Green Box Reviews cheapest cialis 20mg Compra Propecia

StevBlubof от 8 мамыр 2019 07:29
Tadalafil Online Cheap Cialis E Simili viagra Achat Tadalis Sx 40 Mg Cheapest Price On Cialis Cephalexin Gingivitis