«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » СОТСЫЗ ТАТУЛАСУ –БІТІМГЕРЛІККЕ ҮНДЕЙДІ

СОТСЫЗ ТАТУЛАСУ –БІТІМГЕРЛІККЕ ҮНДЕЙДІ

Сыр өңірінде «Сотсыз татуласу» орталығы пилоттық жоба ретінде ашылып, кәсіпқой медиаторлар қызметке кірісті. Жобаның мақсаты – арыз-шағымдарды сотқа дейін жеткізбей, өзара бітімгерлік арқылы шешуді қалыптастыру. Енді орталықтың атқаратын қызметі қандай? Бүгінгі күнге қандай жұмыстар атқарылуда? Азаматтар қандай істер бойынша шағымдана алады? Бұл жайында аудандық соттың төрағасы Нұрлыбек Қосановтан білдік.
Алдымен, сот төрағасы жыл басынан бергі үш айда атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Жыл басынан бастап сот төрелігін жүзеге асыру сапасын көтеру мен істі уақытылы бастап, қысқа мерзімде қарау қатаң жолға қойылды. Үш айдың қорытындысы бойынша 21 қылмыстық іс қаралса, азаматтық 228 іс сот өндірісіне түсті. Азаматтық 115 іске шешім қабылданды, ал әкімшілік 163 тұлғаға келіп түскен арыздың нәтижесінде 141 жаңақорғандық әкімшілік жазаға тартылды. 12 іс медиация тәртібімен қаралды. Дегенмен, медиация ісі әлі де оңтайландырылмай тұр, – деді Нұрлыбек Оразбайұлы.
Деректерге зер салсақ, азаматтық істердің саны артқан. Оның ішінде алимент төлеу, ажырасу, яғни отбасылық жағдайлардың көбеюі алаңдатады.
Енді, дауларды жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жобаның бет алысын бағамдап көрейік. Осыдан екі ай бұрын сот ғимаратында халыққа құқықтық көмек көрсету бұрышы ашылып, аудандық сотпен «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінде аталған бұрышта қоғамдық бірлестігінің 4 кәсіпқой медиаторы қызмет етеді.
Сот төрағасының сөзінше, осы уақытқа дейін 105 тұрғын қабылдауда болыпты. Олардың үшеуі жеке айыптау бойынша қылмыстық іс болса, жетеуі әкімшілік іс, ал, 95-і азаматтыққа байланысты. Оның ішінде, отбасылық мәселелер, алаяқтық ісі көп кездеседі. Яғни ұсақ-түйек даулар тым көбейген.
– «Сотсыз татуласу орталығы» жобасы аясында аудандық сотпен аудан әкімі біріге отырып жұмыстар атқарылуда. Кәсіпқой, кәсіпқой емес медиаторлар мен аудан тұрғындарының қатысуымен орталықтың міндеті мен қызметін түсіндіру жұмысы жүйеленіп келеді. Дегенмен де, насихат жұмысын әлі де жандандыру керек секілді, – деді сот төрағасы. Тағы бір еске сала кетейік, «Сотсыз татуласу» орталғы «Нұр базар» жанындағы бұрынғы Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында орналасқан. Әзірге орталыққа түрлі мәселелермен 19 азамат жүгініп, сапалы қызмет ала алған. Егер бітімгерлік арқылы мәселенің түйінін тарқатқыңыз келсе ғимаратта кәсіби медиатор Ақылбек Жәнібеков көмек көрсете алады. Бағыт-бағдар көрсету ақылы да, ақысыз да жүзеге асатынын ұмытпаған жөн.
Қорыта айтқанда, отбасылық жанжалдардың, дау-дамайлардың көбейіп кетуі қоғамда үлкен мәселе тудырып отыр. Сондықтан, сотсыз татуласу орталығы биылдан бастап жүйелі іске кірісті. Дегенмен де сана түзелмей, қоғам түзелмейтінін ұмытпаған жөн.
Әли ТЕМІРБЕК.
01 мамыр 2018 ж. 823 0