Қызылордада 2 адам мерт болған көлік апатына кінәлі жүргізуші сотталды
Қызылорда облысы Сырдария аудандық сотында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі азаматқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы Меңдігүл Асанның хабарлауынша, бұл келеңсіз жағдай үстіміздегі жылдың 5 тамызында сағат 18-35 шамасында болған. Сотталушы Т. «Mersedes-Benz-E» маркалы автокөлігімен «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолында шығыстан батыс бағытта келе жатқан азаматтың жол жүру ережесін бұзуы салдарынан көлігі «Masda-626» автокөлігімен соқтығысқан. Көлік апатында «Masda-626» автокөлігінің артқы орындығында отырған жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Ал сол көліктің жүргізушісі Е. жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
Сотталушының қылмыстық іс-әрекеті мен өзінің кінәсін мойындап, ол іс құжаттарымен толық дәлелденді. Ол бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасамаған, сотты болмаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде және басты сот талқылауында ол кінәсін толық мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық және моральдық залал толықтай өндірілді. Жәбірленушілер оған кешірім берген. Басты сот талқылауында жәбірленушілер оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.
«Сот үкімімен сотталушы Т. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол көлік құралдарын 3 жыл жүргізе алмайтын болды. Оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалыды. Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданып, тағайындалған жаза сол мерзімге шартты деп есептеліп, пробациялық бақылау белгіленді», - деді аудандық соттың судьясы Жарас Жолдасов.
Естеріңізге сала кетелік, қазан айының басында Қызылордада адамның өмірін қиған жол апаты да орын алған еді.