Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛМҰЗДАҚТЫҢ ТАЯҚШАСЫН КӘДЕ-СЫЙ ЖАСАЙДЫ

БАЛМҰЗДАҚТЫҢ ТАЯҚШАСЫН КӘДЕ-СЫЙ ЖАСАЙДЫ


Әлеуметтік желі қолданушы Аслан Тілеген мынадай посты желі қолданушылардың қызығушылығн оятты. Ол:

"Балмұздақты елден ерек жақсы көруші едік. Тіпті соның таяқшасын керек еткеніміз үшін күніге балмұздақ сатып алатынбыз.
Таяқша жинаудағы мақсатымыз - болашақ үйіміздің үлгісін (макет) жасау еді. Екі таяқшасы бар бір балмұздақтар болатын, әдейі сонысын алатынбыз. Балмұздақ жеп отырған таныс-достарымызды көрсек, таяқшасын сұрап алатынбыз. Оны Гүлім тазалап, "материалдарымызға" қосып қоятын. 
Сөйтіп, біраз таяқша жинадық. Гүлімнің туған күніне гүл әкелсем, кейін қағазына дейін сақтап қойыпты. Бір кәдемізге жарайды деген. 
Отбасылы болған алғашқы кезеңдердің қым-қуыты көп қой, үйдің үлгісін жасау естен шығып кетіпті. Сөйтіп жүргенде, өмірдің өңі айналып шыға келді...
Отбасым бар кездегі дүниелерді - қағаздар, бұйымдарды жиі ақтарамын. Театр, кинотеатр билеттері, пойыз билеттері, чектер, ("Қағанаттың" чегіне дейін), суши таяқшалары, тіпті бірге жеген кәмпиттің қағаздарына дейін, Құдай-ау, бәрін-бәрін сақтап жүріпті. Солардың арасынан баяғы балмұздақтың таяқшалары да шықты...
Сонсоң баяғы қиялымызды жасамаққа көштім. Қолдың аздап ебі бар, бала күнімде бүкіл ойыншық машиналарымды ағаштан жасап алатынмын. Жұмысты бастаған соң, бір жағы, бала күніңе қайта оралғандай, бір жағы, келіншегім қасымда отырғандай, керемет хәл кешемін. Сонсоң да күн сайын кешкі жұмысыма айналды. Ойға ой қосылады. Жалғыз бір үймен ғана шектелмей, сыйлыққа ұсынарлық жағын да ойладық. Осыған орай тек балмұздақтың таяқшасын сататын жерді тауып алдық. Оның өзін қанша іздедік десеңші.
Алғашында үйдің құр үлгісін жасау керек болатын. Сонсоң ол шаң басып тұратын болса, не пайдасы бар деймін ғой. Сөйтіп ішіне шам орнатуды ойладым. Балалы үйде түнде шам (свительник) үнемі жанып тұратынын ескердім. 
Осылай да осылай, алғашында үй, кейін мешіттің макетін жасап көрдік. Бәрі де балмұздақ таяқшасынан. Қаңқасына ғана қалыңдау ағаштар пайдаландық. Бәріне де шам орнатылған. Енді мешітімізде азан даусы естілетін құрылғы болса ғой деп қиялдап жүрмін. IT-шник бауырлар болса, немесе осындай құрылғы жасай алатын жандар болса, қуана сатып алар едім. Таныстарыңыз болса, айта жүрсеңіздер екен. 
Сосын, баса айтар нәрсем, балмұзақ жесеңіздер, таяқшасын далаға тастамаңыздаршы. Маған беріңіздерші). Көбірек болса, осындай үй немесе мешіт жасап беремін. Сосын сушидің де таяқшасы пайдаға асады. Букет гүлдің қағазы да кәдеге жарайды. Шыршаның шарлары мешіттің күмбезіне керек. 
Тапсырыс берейінші деп жүргендер көп. Тапсырыс алатындай кәнігі шебер емеспін). Кейін қол әбден үйреніп жатса, сол кезде көрейік. Әзірге сыйлық үшін жасап жүрген жай бар..." депті.

06 ақпан 2018 ж. 2 865 0