№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАЗАЛЫҚ – ОЙ ТАЗАЛЫҒЫНАН БАСТАУ АЛАДЫ

ТАЗАЛЫҚ – ОЙ ТАЗАЛЫҒЫНАН БАСТАУ АЛАДЫ


Тазалықты иманның жартысына теңейді адамзатқа мұратты бағыт-бағдар көрсеткен Мұхаммед (с.ғ.с). Расында, тазалық – мәдениеттіліктің, адамгершіліктің белгісі. Бірақ, біздегі тазалықты таразылап, қандай қоғамда өмір сүріп жатқанымызды бағамдауға болатындай... Біз тазалыққа кінәлі тараптарды іздемей-ақ, тазалық мәдениетін қалай қалыптастыруға болады? Әлемдік тәжірибе қандай? Соған тоқталсақ.
Әрі мамандардың пікірін білсек...
Соңғы 25-20 жылдың көлемінде плассмассадан жасалған түрлі тұрмыстық заттарды қолдану үдеді. Оны үйден шығарып тастау да артты. Үйдің айналасы, көшелер бойы қоқысқа толды. Бұған көзіміз үйреніп те кеткендей. Тіпті, көшеде тұрмыстық заттарды лақтырғандарға жөн-жосықты түсіндіретіндер де азайып кетті.
Еуропа елдерінде бұл мәселе 40 пайыздан 70 пайызға дейінгі тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және өңдеу арқылы шешілуде, қалғандары кәдеге жаратылады немесе өртеліп жіберіледі. Салыстыратын болсақ, Қазақстанда 3 пайызға жуық қалдықтар өңдеуге жіберіледі екен.
Әлемдегi таза қаланың бірі – Калгари қаласы. Канададағы қоқыстың таза болуы тұрғындардың тазалыққа саналы түрде қарайтындығы сеп болуда екен. Финляндия астанасы Хельсинкидің тұрғындары тазалыққа бей-жай қарамайды.
Оларға тазалық ұлттық кодпен берілген бағдар ма? Әлде мәдениеті жоғары болуы себеп пе? Әрине, мұндай деңгейге жетуде заңның қатал ұстану басты шарт екен. Мәселен, Сингапурде көшенi ластау өрескел қылмыс саналады. Егер, бұл елде жүрiп, абайсызда түкiрiп қалсаңыз, тамақ қалдығын лақтырып жiберсеңiз үлкен мөлшерде айыппұл төлейсiз. Оның мөлшерi – 100 доллардан 1000 долларға дейiн жетеді. Ал, көліктің дөңгелегі кір болса, 500 доллар төлеуге міндеттісің.
Сондай-ақ Германияда тазалықты таңнан кешке дейін комиссарлар қадағалайды. Ережеге бағынбайтындарға заң қатал. Бұл елде әрбір қадам сайын арнайы қоқыс жәшіктері қойылған. Темекіге, бөтелкеге, сағыз, шемішкеге арналған ыдыстар бар. Оған қоса Швейцария «әлемнің таза мекені» деп есептеледі. Өйткені қала ғана емес, кішкентай елдімекендер де мұнтаздай жарқыраған көрінеді.
Ал, француздар мұндай мәселенi 1500 еуро айып салу арқылы шешеді. Демек, зор көлемдегi айыппұл арқылы тазалығын қатаң бақылауға алып, нәтижелерге қол жеткiзiп отыр.
Жапонияда көшелерінде тұрған қоқыс тастайтын жәшіктерін көрмейсіз. Барлық қоқысты жапондар сорттары бойынша төрт түрге: «шыны, жанатын, қайта өңдеуге жарайтын, жанбайтын» деп бөліп, арнайы ыдыстарға салады екен. Ал, Кореяда жұмыс істеп келгендер онда тазалық мәселесі бірінші орында тұратынын айтқанын естідік.
Жалпы, дамуға бағдарланған елдер бірінші тұрғындарының тазалық мәдениетін арттырады. Табиғатты аялауға үйретеді. Тұрмыстық заттарды қайта өңдеуді жолға қояды. Олай болмаса, шіріген қалдықтар топырақты, ауа мен суды уландыруы мүмкін. Бұл өз кезегінде адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Дүниежүзілік тәжірибені алып қарайтын болсақ, заңдар өздігінше қоғамда жаңа экологиялық тәртіпті орнатпайтынын көрсетеді, оған тек қоғамдық қатынастырдың белгілі бір жүйесі және халық мәдениетінің жоғары деңгейі ғана мүмкіндік береді.
Қазақ халқының ұлттық кодында экологиялық тазалыққа мән беру бар. Тек оны оятып, дұрыс бағыт-бағдар бере білу маңызды. Себебі, бабаларымыз қоршаған ортаны ерекше күтіп-баптап, орынсыз ағашты сындырмайтын болған. Тіпті, киіз үйді мезгіл-мезгіл орнын ауыстырып отырған. Ондағысы – үйдің астындағы шөп сарғайып, өліп қалмауы тиіс. Бұлақтың көзін ашып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өсиетіне сай далаға тал егуді де дәстүрге айналдырды.
Бірақ, Кеңестік кезеңде қазақты ұлттық сана мәдениетінен ажыратып, баба жолынан адастырды. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ата-бабаның рухани-мәдени болмыс кілтін табуға бастап, экологиялық мәдениетті қайта қалыптастыруы тиіс-ақ. Олай болмаса сайын даланың сайы мен қыры керексіз заттарға толады. Әсіресе, табиғи процеспен жойылуға ұзақ-ұзақ жылдар кететін полиэтилен пакеттер, шыны ыдыстар мен памперстер даланы экологиялық дағдарысқа ұшыратуы әбден мүмкін. Осыған орай біздің кәсіпкерлікті әлі көптеген жаңақорғандықтардың білмейтіні анық.
Ендеше қолыңыздағы жоғарыдағы аталған материалдарды бізге әкеліп өткізуіңізге болады.
Сондықтан, мамандардың пікіріне жүгініп, оның алдын алу жұмыстарын білген едік.
20 қазан 2018 ж. 1 900 0