№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАЗАЛЫҚ – КЕЛЕШЕК КІЛТІ

ТАЗАЛЫҚ – КЕЛЕШЕК КІЛТІ

«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады». Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған құнды пікірі. Астарында туған жерге шынайы махаббат қандай болуы керек деген тәмсілдің түйіні жатыр. Туған өлкеге деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі табиғатқа қамқорлықтан басталады. Яғни, тазалыққа тәрбиелеу арқылы патриотизм ұғымын жас ұрпақ бойына қалыптастыра отырып, табиғатты таза ұстауға үндеу аға буынның міндеті. Осындай мақсаттағы шараны «Тау самалы» тынығу лагерінде көрдік.
Аудандық балалар кітапханасы және Құттықожа мен Шалхия ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен «Тұрмыстық қатты қалдық заттардың қоршаған ортаға әсері» тақырыбында өткен диспуттың ауқымы кең.
– Жас ұрпақты тазалыққа, үнемшілдікке, Отанға деген қамқорлыққа баулу мақсатында ұйымдастырылып отырған шараның маңызы зор. Себебі, бүгінгі балалар болашақтың баспалдағы. Сондықтан, оларға әрдайым қамқор болып, санасына осындай құндылықтарды насихаттай отырып, табиғатты таза ұстауға тәрбиелей білуіміз керек. Тәрбиелей отырып, келешекте осы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы кәдеге жарайтын үй жағдайындағы дүниелерді жасап шығуға шыңдауымыз қажет. Ең бастысы, тазалыққа үйретуіміз аса құнды, – деді балалар кітапханашысы Жамила Тайымбетова. Сөз кезегін кітапхана қызметкері Қаракөз Айдосова жалғап, дөңгелек үстелдің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен, тынығу лагерінің демалушыларына ерекше әсер сыйлаған шара сахналық қойылыммен басталды. Тұрмыстық зат болғанымен, оның ішіндегі картон қағазынан өңделетін шикізаттың пайдалы тұсы мен қалдықтың зияндығын балаларға түсіндіру жүргізілді. Сондықтан, киім үлгісі картон мен қағаздан жасалынып, балаларға ой салдырды. Есқара Бейбіттің басшылығымен басталған концерттік бағдарламадан кейін балалар ұйымдастырушылармен еркін әңгімеге көшті. Тақырыпқа қызығушылық танытқан жас өскіндер көңілдерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап ала алды.
Тазалыққа тәрбиелейтін тақырыпта өткен шара соңын аға тәрбиеші Дархан Ыдырысов қорытындылады.
– Бүгінгі тақырып ауқымды, әрі ауыр болғанымен келешек үшін өте өзекті. Қоғамның басты мәселесіне айналған тазалыққа қазіргі жастар бей-жай қарамай өссін, саналарында туған өлкеге деген патриоттық сезім қалыптассын деген мақсатта ұйымдастырдық. Сондықтан, кітапхана ұжымына рахмет айта отырып, мұндай дөңгелек үстел қоғамдық ортада, білім ошақтарында жиі ұйымдастырылуы керек деп санаймын, – деді.
Қорыта айтқанда, тазалық өзіңнен басталатынын ұмытпау керек. Ал, тұрмыстық қатты қылдықтарды қайта өңдеп, кәсіп көзіне айналдыру уақыт талабы. Сондықтан, бүгінгі өскелең ұрпаққа осындай тақырыпта тәлім беру аса маңызды. Бұл да рухани жаңғырудың заманауи қағидасы.
28 шілде 2018 ж. 1 808 0