№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛДАУМЕН ҮНДЕСКЕН АЛҚАЛЫ БАСҚОСУ

ЖОЛДАУМЕН ҮНДЕСКЕН АЛҚАЛЫ БАСҚОСУ


Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республиасы Президентінің Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты» Жолдауы талқыланды.

Іс-шараға аудандық соттың төраға міндетін атқарушы А. Тубекбаева, судья И.Тунгышбаев және кеңсе қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасының міндетін атқарушы А. Тубекбаева өз сөзінде, Жолдауда айтылған Сот жүйесін одан әрі жаңғырту бөлігіне тоқталып,  соңғы жылдары көп жұмыс атқарылғандығын соның ішінде басты міндет-соттарға деген сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ету екенін, сонымен қатар, құқық үстемдігі-біздің реформаларымыздың табысты болуының негізгі факторы екенін атап өтті.
Біріншіден, сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастырған жөн.
Екіншіден, сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз етіп, үздік заңгерлер судья болуға ұмытылатындай жағдай жасау керек.
Үшіншіден, әсіресе бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сот арқылы шешілетін дау-дамайды қарау кезінде түсінікті әрі болжамды сот тәжірибесі керек, сондай-ақ судьяларға заңсыз ықпал ету мүмкіндіктерін жою қажет.
Кез келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқаратын болатын деді   
Талқылау соңында қатысушылар өзара Жолдауды талқылап, пікір алмасып, Елбасымыздың сот жүйесіне байланысты алға қойған жоспарларын  жүзеге асыруға белсенді жұмыс жасайтындықтарын білдірді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
18 қазан 2018 ж. 1 198 0