Жаңақорған ауданында алдағы уақытта қанша жаңа білім ошағы бой көтереді?
Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев Өңірлік Коммуникациялар Қызметінде журналистерге берген брифингте алдағы уақытта ауданнан салынатын жаңа мектептер туралы айтты.
Оның айтуынша, Жаңақорған кентінің Саяжай аумағынан 600 орындық мектептің, МАИ бекеті аумағынан 600 орындық мектептің, кент орталығынан 600 орындық №169 мектептің және Ипподром аумағынан 300 орындық мектептің және Жаңақорған кентінің Ипподром аумағынан салынатын 140 орындық балабақшаның, Бірлік ауылынан 90 орындық балабақшаның құрылыстарына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге электрондық мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге «Проммедконтракт» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылды. Төрт мектептің ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен 72 504,0 мың теңге қаржы бөлінді. Ал, екі балабақшаның ЖСҚ әзірлеуге аудандық бюджеттен бөлінген 19 482,0 мың теңге қаржыға «Сыр Жоба» ЖШС-мен келісім шарт жасалып, жобалау жұмыстары жасалуда.
Аталған төрт мектеп бойынша жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмысы бойынша бүгінгі күнге 32 000,0 мың теңге қаржы игеріліп және екі балабақшаның жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары бойынша 10 000,0мың теңге қаржы игеріліп, барлық жобалар мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.
Аталған жоба-сметалық құжаттарға 2018 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынады деп жоспарланған.