№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 4-КЕЗЕҢ: соңғы үміттің сәулесі

4-КЕЗЕҢ: соңғы үміттің сәулесі


Бүгінде ауданда мемлекеттік қазынадан қаражат бөлініп, жұртшылық үшін аса маңызды ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін тауып келеді. Ауылдық округтер «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде «Талап-Сырдария» топтық су құбыры арқылы елдімекендер ауыз суға алдағы жылдары қосылады. Ал, Жаңақорған кентінің «бас ауруына» айналған ауыз су мәселесі өткен жылдан бастап «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге аса бастады.
Десе де, кентішілік ауыз су құбырларының жүргізілу барысына кент әкімдігіне тұрғындар тарапынан түсіп жатқан арыз-шағым жетерлік. Мәселен, жаңбыр жауып, күн күркіреген күндері су құбыры жүргізілген аумақта «аққу ұшып, қаз қонбаса да» пластикалық бос құтылардың жүзіп жүргеніне куәсіміз. Яғни, қазылған ордың орны төмен түсіп, көлік жүргізушілері мен тұрғындарға жайсыздық тудыруда. Оған қоса, орталықтағы Мұсаханов көшесі бойындағы асфальт жолдың жиегі тарылып, қос көліктің қатар жүруіне тағы кедергісін келтіруде. Бұл да болса, қоғамдық бақылаудың қажеттілігін айқындайды. Себебі, жаңақорғандықтардың бар үміті осы төртінші кезеңнің толыққанды жүзеге асуында. Бұған дейін «аузы күйген, үрлеп ішетіннің» кейпіне енген кент тұрғындары ауыз су құбырларының жүргізілуіне қатаң бақылау болғанын қалайды. Өйткені, мемлекет қазынасынан бөлінген қаржы қомақты. Нақтысы – 4 млрд. теңге. Осы орайда, халық пікірін қалқан еткен кент әкімінің орынбасары Баянбай Доспанбетов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының саяси бюро мүшесі Алшынбай Тұртанов, аудандық мәслихат депутаты Серік Абдуллаев бастаған топ кентішілік ауыз су құбырының жүргізілу барысына рейд жасады.
Қоғамдық рейдке жолбасшы ретінде тендер жеңімпазы, бас мердігер «Темір Строй Сервис и ко» ЖШС-нің жергілікті жердегі шебері Алмасбек Бекмырзаев жол бастады. Әуелі серіктестіктің өкілі топ мүшелеріне өткен жылы атқарылған жұмыс ауқымын таныстырды.
– «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаға жалпы көлемі 4 млрд. теңге қаралған. 2017 жылға 915 млн. теңге бөлініп, тендер жеңімпазы «Темір Строй Сервис и ко» ЖШС-гі қаржыны толық игерді. Мердігер компания өткен жылы кентішілік 45 шақырым жерге су құбырларын жүргізді. Оның ішінде, орталық стадион аумағында 4 көше, Жаңауыл мөлтек ауданында – Түйменұлы, Махамбет, Б.Искаков көшесі, кент орталығындағы – Жеңіс, Мұсахановтың жартысы, Алтынсарин аумағында 3 көше, орталықтағы Амангелді, Ақмешіт, С.Қожановтың аяқ жағы, Алтыкрант аумағы, Мәдиев, Аюпов, Тотаев, Сапарбаев, Файзулдаев көшелері бар. Жалпы, бүгінгі таңда бас мердігерден бөлек, 9 қосалқы мердігер бригадасы жұмыс жасауда. Жақын арада тағы бір қосалқы бригада келеді – деген Алмасбек Бекмырзаев темір тұлпардың тізгінін «Құм сахаба» зираты маңындағы су айдайтын мұнараға бұрды.
Мұнда алматылық «ИП Төлегеновке» тиесілі қосалқы бригада су айдайтын мұнара аумағын қоршау жұмыстарымен айналысуда екен. Күрек ұстаған үш жұмысшыны сұрақ астына алған Алшынбай Тұртановтың екеуара әңгімесінен кейін, жұмысшылардың келісім шартсыз жұмыс жасап жатқаны белгілі болды. Осы тұста, сөзге араласқан кент әкімінің орынбасары Баянбай Доспанбетов бұл жерде Елбасының «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасының дұрыс ескерілмей отырғанын тілге тиек етті. Себебі, келісім шарт жоқ жерде, зейнет ақы қоры мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарна аударылмайтынын жеткізді. Оған қоса, цементті қара жерге илеген бригаданың құрылыс талаптарын сақтамай отырғанын сөз еткен Қазақстанның құрметті құрылысшы Алшынбай Тұртанов мұндай олқылықтарға жол бермеу керектігін ескертті.
Мұнан кейін «Тәуелсіздік» даңғылындағы су құбырларын жүргізіп жатқан аумаққа аялдадық. Траншея қазып жатқан трактор жүргізушісін тоқтатып, жұмыс барысымен таныстық.
– Құрылысты қай мердігер компания жүргізуде?
– Қызылордалық «СырЭнергияГазСтрой» ЖШС-нің бригадасы.
– Басшылардан кім бар?
– Учаскелік басшы орталық базаға жиналысқа кетті.
– Траншеяның ені мен тереңдігі қанша?
– Ені 60 см, тереңдігі 1,90 см.
Бұл Алшынбай Тұртанов пен «СырЭнергияГазСтрой» ЖШС-нің жергілікті жұмысшы арасындағы диалог. Өкініштісі, қолдарында бірде-бір сызба жобасы не тереңдікті өлшейтін құрылғының болмауы, қоғамдық рейдке шыққан топ өкілдерін қынжылтты. Ардагер құрылысшы Алшынбай Тұртанов қазылып жатқан траншея талапқа сай еместігін ұзақ жылдарғы еңбек өтілін сөз ете отырып, дәлелдеп берді. Өлшеу құрылғысын іздеп әлек болған жұмысшылар соңыра басшылардың барлығы орталық базада жиналыс өткізіп жатқанын айтып, құтылмаққа тырысты.
«Іздегенге – сұраған» демекші, таңалакеуіммен бас мердігер компания мен өзгеде қосалқы бригада басшыларын таба алмаған қоғамдық топ өкілдері көлік тізгінін орталық кеңсеге бұрды. Бұрынғы «Ынтымақ» мекемесі базасында орналасқан аумақта бас мердігер «Темір Строй Сервис и ко» ЖШС-нің жауапты басшылары мен бас инженер және қосалқы мердігер бригадалардың жетекшілері шағын құрамда жиын өткізуде екен. Жолай топ құрамына аудан әкімінің орынбасары Серқожа Ыдырысов пен кентішілік ауыз судың бас жобалаушы авторы Әйгерім Нығметова қосылды. Осылайша, кең ауқымды басқосуға айналған кездесуде тараптар өз пікірлерін ортаға салды.
Әуелі бас мердігер «Темір Строй Сервис и ко» ЖШС-нің директоры Тимур Давылов пен кент бойынша учаске басшысы Алтай Есназаровты ортаға алған қоғамдық рейд мүшелері көзбен көрген олқылықтың жайын жеткізді.
– Бұл қоғамдық топтың құрылудағы мақ­саты – халық тілегін орындап, шағымдар бойынша шаралар қабылдау. Бүгінде су құбырлары жүргізілген жерлерде қайта қалпына келтіру жұмыстарына бұқараның назы көп. Яғни, көктем мезгілі болғандықтан жол жиегіндегі қазылған траншеялардың орны орға айналып, халықты әбігерге салуда. Жаңа ғана құрылыс барысымен таныстық. Барлығы да жас жұмысшылар. Жауапты адамдардан прораб, шебер ешкім жоқ. Қолдарынан құрылыстың сызба жобасын не өлшегіш құрылғысын көре алмадық. Қысқасы, жаңақорғандықтардың бар үміті – осы «Нұрлы жер» бағдарламасында. Бұған аса жауапкершілікпен қарап, жұмысты сапалы жүргізуге мән беріңіздер, – деді кент әкімінің орынбасары Баянбай Доспанбетов.
Сөз кезегін алған Алшынбай Тұртанов ауыз суға бөлінген қомақты қаржыны кент тұрғындары көп уақыт күткенін айта келе, бұл іске салғырт қарамауды сұрады.
– Жақында ғана осы ауыз су желісіне тапсырыс беруші «Арал» СЖКБД филиалының директоры Имамадин Оңғарбаев халықпен кездесу өткізді. Ол өз сөзінде ай сайын көше комитеттерінің төрағасын жинап, жасалып жатқан жұмыстардың барысымен танысуды қолға алатынын жеткізді. Бұл жақсы бастама. Қоғамдық бақылау қашанда қажет. Сондай-ақ өткен жылы игерілген қаржыға жасалынған 45 шақырымдық су құбырының бірде-біреуінде су жоқ. Мұны неге айтып отырмын? Себебі, бір жыл бойы су ақпаған трубаның ішіне шөп шығып кетеді. Яғни, ертеңгі жұмыс ит-рәсуа болады, – деген Алшынбай Тұртановтың сөзіне, «Темір Строй Сервис и ко» ЖШС-нің өкілі су құбырларына пневматикалық (ауа) тәсіл арқылы, тәжірибеден өткізгенін жеткізді. Десе де, тәртіп болған жерде береке болатынын тілге тиек еткен Қазақстанның құрметті құрылысшысы бас мердігер компанияға арқаны кеңге салуға әлі ерте екенін ескертті. Өйткені, атқарылар жұмыс ауқымды, тапсырылған міндет талапты. Бір сағатқа созылған басқосуда тараптар өзара түсіністікпен тарқады. Бас мердігер компания өкілі алдағы уақытта халық шағымын ретке келтіріп, жұмыс қарқынын үдететініне сендірді. Қоғамдық бақылауды осы тұстан тәмамдаған топ өкілдері алдағы уақытта да ауыз су құрылысы назардан тыс қалмайтынын қадап айтты.
Р.S.: «Қадап» айтты деп епкін беруіміздің бір ғана себебі бар. Ол – Жаңақорған кентіне 2004-2009 жылы бюджеттен 410,3 млн. теңге бөлінген. Алайда, жобалау мен іздестіру жұмыстарының сапасының төмен болуы мен бақылаудың әлсіздігінен қомақты қаржы тиімсіз жұмсалып, мақсатына жетпеген. Мемлекеттік «Таза су» бағдараламасы аясында жүргізілген жұмыстың І-ІІ-ІІІ кезеңі аяқталып, 4-кезеңі тоқтап қалған болатын. Ендігі жаңақорғандықтардың бар үміті – осы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асып жатқан кентішілік ауыз су желілерінің 4-кезеңі толық аяқталса деген тілегі бар. Бұған жергілікті билікте қоғамдық бақылауын үдете түссе игі.

Әбдісамат ӘБДІШ.
17 наурыз 2018 ж. 1 278 1

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 19:16
Cialis Cancer De Prostata cheapest cialis 20mg Cvs Viagra Prices Kamagra Mal De Altura Propecia Length