«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АДАМ АҒЗАСЫ КҮЗДЕ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

АДАМ АҒЗАСЫ КҮЗДЕ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?


Күздің алғашқы айы да келіп қалды. Қазір табиғатта күн қысқаруы, ауа қызуының құбылуы сияқты өзгерістер жүріп жатыр, осыған орай ағзадағы ішкі биологиялық ырғақ та өзгереді, деп хабарлайды zamana.kz.

Бүгінде ағзаның ішкі биологиялық ырғағы сыртқы табиғи ырғаққа бейімделуге әрекет жасап жатыр. Сырт­қы өзгерістер ағзаға стресс әкеледі, одан негізінен денсаулығында кінәрат бар адамдарда өмірлік қуат азая түседі. Бұдан тез шаршау, көңіл-күйдің нашарлауы, кейде себепсіз құлазу туындайды.
Бір қызығы, бұл кезде адамда ми жұмысының белсенділігі арта бастайды. Бірақ ол депрессия туындатады. Бұл күндізгі уақыттың біршама қысқаруына байланысты, ол мелатонин гормоны түзілуін төмендетеді.
Мұндайда таза ауада жиі серуендеген жөн. Жарық жақсы түсетін жерлерде көбірек болған абзал. Жалбыз, валериана сияқты жүйкені тыныштандыратын тұнбалар ішіп тұрған жақсы.
Күзге қарай тері астына май жинала бастайды. Бұл да ағзаның қысқа дайындалуына байланысты табиғи құбылыс. Дегенмен бұл кезде асқазан-ішек дұрыс жұмыс ітсеуі тиіс, сондықтан ішек белсенділігі жылдам арта бас­тайды, асқазан жзәне ішек сөлі көптеп бөлінеді. Олар ас қорыту жолдарының кілегей қабатын тітір­кендіреді. Бұдан асқазан-ішек жолында кінәраты барларда аурудың асқынуы туындайды. Ал мұндай болмас үшін асқазан-ішектің кілегей қабатын тітіркендіретін азықтардан (чипсы, тұзды дәмдер, газды сусын, алкоголь, т.с.с.) аулақ жүрген дұрыс. Асқа дәм­деуішті барынша аз қосқан абзал. Оны пісіріп, булап, бұқтырып жеген жақсы. Тітіркенуді басатын шөп шай (түймедақ, зверобой, т.б.) ішкен, асқазан сазғанда антицидті препараттар ішкен жақсы.
Күзде ағза жұмысы өзгеруіне қарай қан қысымы да көтеріле түседі, одан жүрекке, оның бұлшық еттеріне салмақ артады. Сондықтан бұл кезде қан қысымын да қадағалау керек. Егер қысым қалып шегіне жетіп келе жатса, онда зәр қуатын, жүрекке жеңілдік беретін дәр­мектерді қолданған жөн. (Әрине, дәрігер кеңесімен).
Бұл кезде өкпеге де оңай емес. Оның жұмысы күшейеді: тыныс алу жиілейді, газ алмасуы артады. Оған оттегі көбірек керек. Өкпенің, тыныс жолдарының жұмысы арту созылмалы тыныс жолдары кінәраттарының қабынуына апарады. Адам жиі суықтайды, өйткені иммунитет төмендеп жатыр, оның үстіне адам көпшілік жиналған жабық ғимараттарда жиі болады.
Жалпы, ауа температурасы төмендегеннен-ақ ағзаға қажетті калория 5 пайызға артуы тиіс. Дене қызуын қалыпта ұстау үшін тері астына май түзіле бастайды, ол қажетті деңгейге қа­лыңдайды. Ауа қуаты жылу түзуге көбірек бағытталады. Көмірсулар аза­йып, май көбейе бастайды.
Ағзадан зәрмен бірге суры ерітетін С, А, В2 витаминдері көбірек шығады, есесіне майда еритін А, Д, Е витаминдері көбейеді. Сондықтан балғын көкөніс, жеміс-жидекті көбірек жеген жөн. Дәрігермен кеңесіп, витаминдер кешенін қабылдаған жақсы.
20 қыркүйек 2018 ж. 1 375 0