№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ай көрдім, аман көрдім...

Ай көрдім, аман көрдім...


Халқымызда жылдың әр айы аяқталып, жаңа ай туғанда, «Ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа» деп өткен айдан аман шыққанына тәубе қылып, жаңа туғанынан үміт күтетін ырым бар.

Айдың алғашқы жеті тәулігін «бір жаңасы – жеті жаңасы» деп санамалап, сегізінші тәулігінен бастап алғашқы ширегі дейді. Бұл жеті-тоғыз тәулікке созылады. Одан кейін толған ай, иағни Айдың толық көрініп, бұлтсыз түндердің сүттей жарық болатын кездері өтеді. Бір жетіден кейін ай кеми бастайды. Бұл айдың соңғы ширегі. Айдың кеш туатын осы шағын қазақы ұғымда айдың қорғалауы дейді. «Ай қараңғы, таң жарық», «Айдың қараңғысы» дегендер де осы айдың таусылар кезі. Ал айдың өларасы ескі айдың бітіп, жаңа айдың көрініп үлгермеген шағы.
Жаңа туған Ай шалқасынан жатса, «өзіне жайлы, халыққа жайсыз», ал егер тіке тұрса, «халыққа жайлы, өзіне жайсыз» деп болжам етеді.
Айдың үш жаңасында Ай толығырақ, өңі ақ, екі ұшы доғалдау, тік көрінсе, сол айда жауын-шашын, жел-борасын аз болады. Егер Айдың екі ұшы үшкілдеу, сүйір, өңі ашық, шалқақ туса, онда сол айды жауын-шашынды, желді, борсаныды болады деп есептейді.
Ай туғанда бұрынғысынан үлкендеу көрінсе, сәулесі қызғыл болса, жауын жауатынның белгісі.
06 қыркүйек 2018 ж. 2 307 0