№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Адамнан айнымайтын робот жасап шығарылды

Адамнан айнымайтын робот жасап шығарылды


Ұлыбританияның "Engineered Arts" компаниясы инженерлері сырт келбеті адамнан айнымайтын робот жасап шығарды. Фред деген есімді иеленген роботтың шашы ақ, жүзі қызылшырайлы. Орта жастағы ол адамдар назарын өзіне аудармау үшін барынша қарапайым киінген.

"Engineered Arts" компаниясы бұдан бұрын да адамдар демалатын саябақтарға арнап роботтар жасап шығарған болатын. Фред оларға мүлде ұқсамайды. "Жабайы батыс әлемі" сериялының жаңа бөлімі үшін жасалған "Android" контструкциясы негізінде құрастырылған. Инженерлер Фредке адамдармен сөйлесе алу мүмкіндігін де қосқан. Ол көзін тынбай жыпылықтату, есінеу, тынымсыз сөйлеу қабілетіне ие. Фредті жасауға 12 апта жұмсалған. Мыңдап жазылған бағдарламалардан бөлек инженерлер осы уақыт аралығында Фредтің қаңқасын жинап, акрилден көз қойып, сырт келбетін адам кейпінен аумайтындай етіп жасауға тырысқан. Фредтің прототипі – 55 жастағы лондондық актер Тедрой Ньюэлл. 
Дереккөз: мassaget.kz
23 мамыр 2018 ж. 990 0