№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚСТАНДА БАЛМҰЗДАҚ АЗ СҰРАНЫСТА

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛМҰЗДАҚ АЗ СҰРАНЫСТА

Елімізде шіліңгір шілдеде де, аптапты тамызда да балмұздақ аз желінеді екен. Әр тұрғынның бір жыл ішінде балмұздақ жеуі жағынан бізді өзге елдер артқа тастайтын көрінеді.
Халықаралық Euromonitor компаниясының мәліметінше, елімізде әр адам жылына орташа есеппен 2,5 келі балмұздақ жейді. Қазақстандық балмұздақ өндіруші компаниялар бұл өте аз көрсеткіш деп отыр. Себебі өзге ел тұрғындары бұл жағынан бізді басып озады. Салыстырар болсақ, Ресейде әр адам жылына 2,85 келі балмұздақ тұтынса, АҚШ-тың әр тұрғыны мұндай өнімнің 17,5 келісін жейді.  Қазақстан жазы ыстық елдер қатарына жатады. Балмұздақтың көп желінетін маусымы да – жаз.
Жергілікті нарықтың төрттен бірін қамтып отырған қазақстандық балмұздақ өндіруші компаниялардың бірінің қожайыны Андрей Шиннің айтуынша, климаттың бұл ерекшелігінің өзі балмұздақ тұтыну деңгейін арттыра алмай отыр.  “Әр адам үшін бір жылда ғана емес, үш айдың ішінде де 2,5 келі балмұздақ жеу тым аз”, – дейді Андрей Шин. Андрей Шиннің айтуынша, сырт көзге балмұздаққа негізінен балалар ғана құмартатын сияқты көрінеді, дегенмен статистика басқаша. Біздің елде балмұздақты 40-тан асқан ересектер мен баласы бар әйелдер көп жейтін болып шықты. 

массагет.кз
12 тамыз 2018 ж. 1 617 2

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 10:03
Cialis 5 Mg Compresse buy cialis online Viagra Femenina Natural

Гость Jeahulalf от 9 наурыз 2019 18:24
Viagra 100 Achat cialis from canada Bien Hora Para Tomar Propecia