№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемдегі ең терең көл

Әлемдегі ең терең көл




 Әлемдегі ең терең және тұщы көл – Байкал (Байкөл). Бұл көл Ресейдің Шығыс Сібір аумағында, Буратия Республикасы мен Иркутск облысы шекарасында орналасқан. Дүние жүзі картасынан көз салсаңыз, Ресей жеріндегі Ай бейнелі  Байкалды қиналмай тауып аласыз.  Көлдің тереңдігі — 1642 метр, ауданы — 31,5 мың шаршы шақырым, ұзындығы — 636 шақырым. Байкал көлі тұщы суы, флорасы мен фаунасының сан түрлілігі арқылы әлемге танымал. Көл суының жалпы көлемі — 23 мың куб шақырым. Бұл Арал теңізінен 23 есе, Азов (Азау) теңізінен 92 есе көп. Баргузин, Чыркуй, Провал аталатын 3 ірі шығанағы мен Әулие Тұмсық түбегі бар. Көлде 27 арал болса, олардың ең үлкені—Ольхон (730 км²). Көлге 336 өзен келіп құяды. Олардың ірілері: Селенга, Баргузин, Жоғары Ангара, Турка, т.б. Ал көлден бір ғана Ангара өзені ағып шығады. Байкалға құйылатын судың 50 пайызы Селенга өзенінен келеді. Ең биік су деңгейі тамыз-қыркүйек айларында орын алады, ал ең төмен деңгейі наурыз-сәуір айларында байқалады.  Ғұмырын Байкал көлін зерттеуге арнаған атақты Г.Ю. Верешчагиннің есептеуіне қарағанда, көлге ешқандай өзен құймай тұрғанның өзінде Ангара Байкалдың суын тауысуы үшін 400 жыл ағуы керек екен.  Көлде өсімдіктердің 850, жануарлардың 1400 түрі бар. Бұл жердегі өсімдіктердің 133 түрі, жануарлардың 848 түрі басқа жерлерде кездеспейді. Байкал, сондай-ақ, ежелгі жаратылыстардың табиғи мұражайы ретінде белгілі. Бұл жерге жоғарыда атап кеткен эндемиктердің келгеніне 5 миллион жылдан асқан екен.  Жер шарындағы барлық тұщы сулар қорының 22 пайызын осы көл құрайды. Осынша мөлшердегі ішуге жарамды судың бір жерге топталуы табиғаттың қайталанбас ғажайыбы. Суы өте мөлдір, 40 метр тереңдіктегі көл түбін көруге болады, әрі оттегіге бай. Қыс мезгіліндеа, яғни қаңтардан мамырға дейін, Байкал мұзға айналса, тек Ангара өзеніне жақын 15-20 шақырым жер ғана қатпайды. Ақпан айында мұздың қалыңдығы көл ортасында 1 метр, жағалауға жақын жерлер 1,5-2 метрге дейін қатады.

Massaget.kz
28 тамыз 2018 ж. 2 564 2

Гость Jeahulalf от 28 ақпан 2019 22:49
Precio Cialis 5 Mg 28 Comprimidos Viagra Gift Card priligy eczanelerde Cialis Farmacias Online Next Day Kamagra

Гость Jeahulalf от 16 наурыз 2019 22:42
Thyroxin Without Prescription Viagra 20 Mg For Purchase Without Rx generic viagra Zithromax Sales Tadalis Sx Soft Canada Online Pharmacy Cheap Viagra Online Canada Pharmacy