№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖОБА АЯСЫНДА БАҚЫЛАУ ЖҮРЕДІ

ЖОБА АЯСЫНДА БАҚЫЛАУ ЖҮРЕДІ


Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуінде білім беру жүйесін қалыптастырудаәлемдік стандарттарға жету үшін студенттердің оқу мен тұру жағдайына ерекше көңіл бөлу керектігін атап өткен болатын.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ағымдағы жылдың маусым айында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің(бұдан әрі – Агенттік) Арнайы мониторингтік топ мүшелері рейд шараларын жүргізді. Шара барысында бөгде азаматтардың студенттер жатақханасында заңсыз тұрып жатқан жағдайлары анықталған.
Кейбір оқу орындарында жатақханада бос орындар бола тұра, студенттер пәтерлерді жалдауға мәжбүр болады. Ал, пәтерлерді жалдау бағалары жатақханаға төленетін бағадан едәуір жоғары.
Оқу жылы басталатын кезеңде жатақханада тұратындардыңсаныныңкөбейетіндігі белгілі.
Осыған байланысты, Агенттік қоғам өкілдерімен бірлесе отырыпбөгде азаматтарды студенттік жатақханаларға орналастырмау және орындарды объективті түрде бөлуді бақылау мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізетін болады.
Еліміздің барлық аймақтарында Арнайы мониторингтік топ пен Қоғамдық кеңес мүшелерістуденттердің жатақханаға орналасу барысына белсене атсалысады деп жоспарлануда.
Бұл жұмыстар жатақханада тұратындар мен бос орындар есебін жүргізуде ашықтықтыарттыруға себебін тигізеді.
Егерде, Сізге, студенттер жатақханасына орналастыру бойыншакез-келген заңсыз әрекеттер белгілі болса, тиісті шұғыл шаралар қабылдануы үшінАгенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментіне(+7 /7242/ 702520, +7 707 9700177, +7 778 9255308)хабарласуыңызға болады.
Бұған қоса, қоғам өкілдері салынып жатқан жатақханалардың мерзімі мен сапасын бақылауға алады.
Сонымен қатар, Агенттік оқу орындарының оқытушылары мен студенттерін білім алу барысында шынайы адалдық және әдептілік қағидасын ұстануға шақырады.
23 тамыз 2018 ж. 664 2

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 10:09
Supreme Suppliers In India Cytotec 20mg Canada generic cialis overnight delivery Viagra Definizione Prix Du Cialis En Pharmacie En France Wo Bekomme Ich Viagra Her

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 12:47
Cialis E Levitra Forum buy generic cialis Algondones Pharmacies