№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БЕЙНЕМАРАФОН ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

БЕЙНЕМАРАФОН ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Аудан көлемінде Елбасының құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру бағытында түрлі іс-шаралар жүргізіліп келеді. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтсек. Жақында  аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Арман асуы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Менің арманымдағы Жаңақорған» атты видеомарафон өткізілді.
Бір айға созылған марафон барысында жасампаз елдің жасампаз ұрпақтары өздерінің ел болашағына бей-жай қарай алмайтынын дәлелдеп, жемқорлықсыз қоғамды таңдайтынын көрсетті. Осы аралықта өңір жастарынан алуан сюжеттегі видеороликтер қабылданып, аудан тұрғындары өздерінің азаматтық белсенділігін байқатқан.
Жеңімпаздарды марапаттау №3 мектеп-интернаттың мәжіліс залында өткізіліп, қатысушылар үшін түрлі интеллектуалды зияткерлік ойындармен қатар, энерджайзер жүргізілді. Көрермендерді сергіту сәтінен соң, үздік видеоролик иелері марапат биігінен көрінді.
Сонымен жүлдері І-орынды Нұрхан Нұржанұлы иеленсе, ІІ-орын Хантөре Ақтөреұлына, ІІІ-орынды Сансызбай Дидар қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріліп,  «Дипломмен» марапатталды.
– Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында «...дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқықбұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді» делінген. Расымен де, мінсіз қоғам мінсіз азаматтардан басталады. Сондықтанда туған өлкені таза ұстау, сана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған видеомарафон өз дәрежесінде өтті деп білеміз, – деді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» бөлімінің басшысы Әкімбек Әлібек.
Осылайша, «Менің арманымдағы Жаңақорған» атты бейнемарафон өз мәресіне жетті. Байқауға қатысушылардың барлығы да кенттің көрікті жерлерін сюжетіне арқау етіп, тамаша туындыларды таспалаған. Бұл да болса, туған жерге деген ерекше ықыластың бір көрінісі деп білеміз.
– Өзім бұрыннан слайд жасауға, бейнетүсірілім түсіруге құмармын. Жастар орталығының байқауын желіден көргенде бірден қатысамын деп шешім қабылдадым. Өйткені, мұндай жобалар ауылға керек. Әрбіріміздің қолымызда ұялы телефон бар. Сол смартфонды игілікке икемдей білсек, мұның өзі телефонға тәуелді болмаудың бір тәсілі деп білемін, – дейді видеомарафон жеңімпазы Нұрхан Нұржанұлы.
Жасыратыны жоқ, соңғы кездері аудандық «Жастар ресурстық орталығы» заманауи бағыттағы шараларды көптеп өткізуде белсенділік танытып жүр. Соның бір айғағы – жастарды отаншылдық рухқа тәрбиелейтін «Менің арманымдағы Жаңақорған» жобасы.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
21 тамыз 2018 ж. 728 0