№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

ҮЙРЕН ДЕ ЖИРЕН


Жаңақорған ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен "Арман асуы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Үйрен" кәсіпкерлікке оқыту курсы жүргізілді.

Курс мақсаты - Жаңақорған ауданы тұрғындарын кәсіпкерлікке баулу. Оқыту курсына жаңадан кәсіп бастағысы келетін тұрғандардан бөлек, аудан кәсіпкерлері де қатысты. Оқу курсын 20-дан аса маңызы бар жобаларды жүзеге асырған "Бизнес-Старт" инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының мамандары жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар үшін кофе-брейк, танысу тренингтерімен қоса, "Канвас" бизнес-моделдері арқылы болашақ кәсіптерінің сұлбасын сызу ұсынылды.
2 күнге созылған оқу курсынан соң "The Best" бизнес-жобалар байқауы ұйымдастырылып, көрермендер көзайымына айналып, ең дәйекті авторлық идеялар жүлделі орындармен марапатталды. Дауыс беру ашық түрде қатысушылар тарапынан жүзеге асырылды.
Байқау нәтижесінде көпшілік дауыспен 3 орынды өзінің креативті презентациясымен ерекшеленген Ерқожа Әсем иеленсе, 2 орын — «Сәнді сырмақ» қолөнер орталығының жетекшісі Насырова Мейрамкүлге бұйырды. Ал жүлделі 1 орынмен "Озат" оқу орталығының жетекшісі Нұртаева Айдана марапатталды.
Қатысушылар ыстық тілектерін білдіріп, алдағы уақытта бизнес-тренерлермен кері байланыс жасауды жоспарлап, көтеріңкі көңіл-күйде қайтты.
11 мамыр 2018 ж. 1 492 0