№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАР КЕЛЕШЕК КІЛТІ

ЖАСТАР КЕЛЕШЕК КІЛТІ

Жаңақорған ауданы көлемінде Елбасының құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру жолында түрлі іс-шаралар жүргізіліп келеді. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру мақсатындағы ауқымды іс-шаралар қатарына "Жаңақорған ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында "Арман асуы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Менің арманымдағы Жаңақорған» атты видеомарафонын атап өтуге болады. 
Жасампаз елдің жасампаз ұрпақтары өздерінің ел болашағына бей-жай қарай алмайтынын дәлелдеп, жемқорлықсыз қоғамды таңдайтынын көрсетті. 20 шілде – 15 тамыз аралығында өңір жастарынан алуан сюжеттегі видеороликтер қабылданып, облыс пен аудан тұрғындары өздерінің азаматтық белсенділігін байқатты. 
№3 мектеп-интернаттың мәжіліс залында өткізілген марапатталу рәсімінде қатысушылар үшін әртүрлі интеллектуалды зияткерлік ойындармен қатар, энерджайзер жүргізілді. Көрермендерді сергіту сәтінен соң марапаттау рәсіміне кезек беріліп, үздік видеоролик иелері жүлделермен бөлісті. 
1-орынды Ысқақ Нұрхан Нұржанұлы иеленсе, 2-орын Сүттіқұдық ауылдық мектебінің бітіруші түлегі Хантөре Ақтерұлына бұйырды. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Сансызбай Дидар 3-орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, дипломдармен марапатталды.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында «... дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз ең ұсақ құқықбұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді» делінген.
19 тамыз 2018 ж. 833 0