№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорған аудандық сотымен сотталушыға іздеу жарияланды

Жаңақорған аудандық сотымен сотталушыға іздеу жарияланды

         Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен айыпталған М. қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына, сәйкес, сотталушы М.,  2017 жылдың маусым айының 20-нан 21-не қараған түні, Батыс Қытай - Батыс Европа тас жолының бойындағы Жаңақорған кентінің тұсындағы аялдамаға алкогольдік масаң күйде барып, өзінің танысы жәбірленуші Ш., кездесіп, оның денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, ұрып жерге құлатып, денсаулығына «жеңіл» дәрежелі зиян келтіріп, әмианының ішінен 30 000 теңге ақшасы мен құны 8 500 теңге тұратын «Нокиа» үлгісіндегі ұялы телефонын, жеке куәлігін және банкомат карточкасын тартып алып, бөтен мүлікті ашық жымқырып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191 бабының 2 бөлігінің 1 тармағында көрсетілген қылмыстық әрекеттерін жасаған.
Сотталушы М., сот отырысына үш рет сот отырысына белгісіз себептермен келген жоқ. Басты сотталқылауын өзінің қатысуынсыз қарауды немесе кейінге қалдыруды өтінген жоқ, ол сотқа келмеу себептері жөнінде немесе алдағы уақытта келмей қалуы мүмкін екені туралы хабарламаған және де бұл қылмыстық іс бойынша осыған дейін аудандық соттың қаулысымен іздеу жарияланған.
          Сот қаулысымен сотталушы М., іздеу жарияланды, оған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды және қылмыстық іс Жаңақорған ауданының прокурорына жолданды.
            Қаулы заңды күшіне енбеген
           Жаңақорған аудандық сотының маманы М.Дәріқұлов.
20 тамыз 2018 ж. 729 0