№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТЫЛДЫ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТЫЛДЫ

          Жанақорған аудандық сотында Т. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 2)-тармағымен қылмыстық іс қаралып, медиация тәртібімен тоқтатылды.
Сотта анықталғандай, сотталушы Жаңақорған кентінің автовокзал бекетінің ішіндегі шайханаға өзінің ұялы телефонына бірлік салуға келіп, жәбірленуші К., көріп оны тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру ойы туындап артынан барып құшақтап, сол қол жақ күртесінің қалтасында тұрған бағасы 7000 теңге тұратын «Samsung DUOS» үлгісіндегі көк түсті ұялы телефонын ашық жымқырып, тонап оқиға орнынан бой тасалаған.
Осыдан кейін, сотталушы Т., бөтеннің мүлкін бірнеше рет ашық жымқыру мақсатында, 2018-жылдың маусым айының 01-күні жәбірленуші Б., үстіне киген көйлегенің сол жақ төс қалтасында тұрған, бағасы 95 000 теңге тұратын қара түсті «Oppo» үлгісіндегі ұялы телефонын көріп, оның қасына барып, ұялы телефонын ашық жымқырып, тонап оқиға орнынан бой тасалаған.
Сотта қарау барысында сотталушы Т., тағылған айыпты толығымен мойындап, қазіргі кезде істеген әрекетіне шын жүректен өкінетінін, енді ондай әрекетке бармайтынын, келген шығынды толық өндіріп бергенін, жәбірленушілерден кешірім сұрап, медиация тәртібімен татуласқанын ескеріп, қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен тоқтатуды сұрады.
          Сот қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі 2)-тармағымен айыпталған Т., қатысты қылмыстық іс ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігіне сәйкес жәбірленушілер К және Б., татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
         
Жаңақорған аудандық сотының маманы М.Дәріқұлов
09 тамыз 2018 ж. 853 0