№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорған аудандық сотында медиация тәртібімен іс қаралды

Жаңақорған аудандық сотында медиация тәртібімен іс қаралды

           
Жаңақорған аудандық сотында 11 мамыр 2018 жылы сотталушы К. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.
        Сотта анықталғандай    сотталушы К. 2018 жылдың қаңтар айының 13-нен 14-не қараған түні Жаңақорған кентінде орналасқан «БИ-БЕК» мейрамханасына барып, спирттік ішімдік ішіп, алкогольдік масаң күйде Жаңақорған кентіндегі аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жатқызылып, 14 қаңтар 2018 жылы нақты тергеумен анықталмаған уақытта сотталушы К. аудандық ауруханада есін жиып, өзі жатқан төсек жабдықтың жанында тұрған сұр түсті сөмкені көріп, аталған мүлікті жымқыру ниеті туындап, аурухананың қабылдау бөлімшесінде бөгде адамардың жоқтығын пайдаланып құны 143 000 теңге тұратын сұр түсті сөмкеге салынған «ЭКГ АКСИОН» аппартын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған.
          Нәтижесінде сотталушы К. Жаңақорған аудандық орталық ауруханасына 143 000 теңге мүліктік шығын келтіріп,  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.
          Сотта сотталушы К.өзінің жасаған іс-әрекетін толық мойындап, қазіргі кезде істеген әрекетіне шын жүректен өкінетінін, енді ондай әрекетке бармайтынын, келген шығынды толық өндіріп бергенін, жәбірленушіден кешірім сұрап, медиация тәртібімен татуласқандарын, қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық істі өндірістен тоқтатуды сұрады.
           Сот, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмыс жасаған үшін сотталушы К. істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 68 бабы, 1 тармағы бойынша жәбірленуші мен айыпталушы медиация тәртібімен келісімге келу негізінде тоқтатуды қаулы етті.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының Э.Серікбаева
25 мамыр 2018 ж. 894 2

Гость Jeahulalf от 14 ақпан 2019 11:02
Keflex Vs Bactrim cialis price Non Perscription Pharmacy Pictures Of Amoxicillin Rash Doxycline Chicago

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 22:35
Lodine Online Without Precription Propecia Hiperprolactinemia Priligy 2012 40 mg levitra pills on line for sale Cialis 2 5 Mg Effetti Collaterali Online Buy Propecia