СӨЗ САЛМАҒЫ ЖЕҢІЛДЕМЕЙДІ
Орта мектепті бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолымды аудандық баспаханадан бастадым. Ол кезде баспахананың директоры Нәрзілда Қалилаев деген ағамыз болатын. Ол қарапайым, ақкөңіл, біреуге қылдай қиянаты жоқ, ары да, қолы да таза азамат еді. Халық арасында «Нәкең айтыпты» деген әңгімелерді көп естуші едік. Ол әңгіменің барлығы да Нәкеңнің аңғалдығынан туса керек.
Баспахананың материалдық- техникалық базасы өте төмен болатын. Газет материалдарының барлығы қолмен терілетін. Бұл жұмысқа ерлерден гөрі әйелдер ықшамды келетін. Бибайша Мәуленова, Марфуға Керейбаева, Нағима Мырзадәулетова, Гүлдарай Дәрібаева, Гүлбарам Қыдырбаева, Гүлсара Бекбосынова, Жұмагүл Қалман, Ұлман Орыншаева, Ғалия Ильясова сынды апаларымыз уақытпен санаспай еңбек етті. Осы жерден үлкен абыроймен зейнетке шықты.
Баспаханаға алғаш әріп теретін «Н-14» деген машина алынды. Оны Сапар Шеңгелбаев меңгерді. Кейін бұл жұмысты Дәуітбек Махмутов екеуміз атқардық.
Баспахана жастармен толықты. Жарқын Сермаханова, Жақсыгүл Құтыбаева, Нұрила Әлімбетова, Шоманбай Қалбергенов, Нәрзілда Сахиевтар келді.
Баспахана директоры Нәрзілда Қалилаевтен есепші Зайнидин Әбусейітов жұмысшы-қызметкерлердің жақсы жұмыс жасауына барлық мүмкіндіктерді жасады.
Одан кейін баспахананың директорлығына Қазақбай Әлібеков келді. Қазекеңнің мамандығы журналист болатын. Түркістан аудандық газетінде көп жыл істеген. Тәжірибесі мол, іскер басшы еді. Баспа жұмысынан хабары болғандықтан бұл жұмыс оған онша қиындық туғыза қойған жоқ. Газеттің сапалы шығуына ерекше мән берді. Аудандағы барлық мекемелер шаруашылықтарды қажетті қағаз өнімдерімен қамтамасыз етті. Есепші Орынбасар Абдуллаев ағамыз да ақжарқын кісі екен. Жақсы араласып кеттік. Осы кезге дейін сыйласып, кездескенде өткен-кеткенді еске алып отырамыз. Сондай-ақ есепші Гүлсара Ахметова, Гүлзада Битабаровамен қызметтес болдық.
Қазекең баспахананың материалдық-техникалық базасының жақсаруына күш салды. Облыстағы «Полиграфия» бірлестігінің басшыларымен тығыз байланыс орнатып, баспахана үйін салдырды. Бұл тікелей Қазекеңнің еңбегі болатын. Ол баспахананың директорлығынан зейнетке шықты. Одан кейін редакция мен баспахана біріктірілді. Бұл тәжірибе онша оң нәтижесін бере қоймады. Баспахана қайта бөлініп, директорлығына мені бекітті болдым. Бұл өте қиын уақыт еді. Қаржының тапшылығы өндірістің ілгері басуына көптеген қиындықтар туғызды. Облыстағы, аудандардағы баспаханалар біртіндеп жабыла бастады. Біз қолдағы бар мүмкіндікті пайдаландық. Сол кезде менімен қызметтес болған Майра, Нұрила, Қалымбет, Ұлжан, Жұмагүл жанашырлық танытып, жұмыс жасады.
Баспаханада бірге қызметтес болған мекеме басшылары Нәрзілда Қалилаев, Қазақбай Әлібеков, әріп терушілер Бибайша Мауленова, Нағима Мырзадәулетова, Гүлқарай Дәрібаева, Талғат Әлібеков, Шомантай Қалбергенов, Ұлман Орыншаева, Әдімхан Нәлібаевтар бүгінде арамызда жоқ.
Бүгінде заман өзгерді. Техникалық прогресс адам қолымен жасайтынның бәрін жеңілдетіп , жұмыстың өнімділігі көп артты. Газет өндірісі де солай, бұрынғыдан жүз есе жеңілдеді.
Бірақ ой еңбегі, қаламгер жауапкершілігі, оның салмағы жеңілдемек емес. Сондықтан қалатын қолынан тастамай, сөз майданында қару еткен әріптестерімнің еңбегіне тек қана табыс тілеймін.
Пахмаддин Айнақожаев,
Баспахананың бұрынғы директоры
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,
Қазақстан Республикасы Журналистика
саласының «Еңбек ардагері» медалінің тұңғыш иегері.