№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорған аудандық сотымен қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотымен қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды


Жаңақорған аудандық сотымен сотталушы К
. жәбірленуші А.-мен медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауаптылықтан босатылды.
Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы К. 17 ақпан 2018 жылы сағат 20:00 шамасында, мас күйінде Жаңақорған кенті, Раушан және С.Сапарбеков көшелері қиылысында «Береке» дүкенінің алдында тұрған «LADA 210740» үлгілі автокөлікті көріп, оны жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алып, иесінің рұқсатысыз кент ішінде жүргізіп,  полиция қызметкерлерімен ұсталған.
19 наурыз 2018 жылғы сот қаулысымен сотталушы К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес жәбірленуші А-мен медиация тәртібімен татуласуына және келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, ол жөнінде Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 200-бабы 1-бөлігімен айыпталған қылмыстық іс тоқтатылды.
Қаулы заңды күшін енді.
А.Нысанбаева,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.
29 наурыз 2018 ж. 944 0