СОТ САЛАСЫ: ҚЫСҚА-НҰСҚА
«Адилет микрокредит» шағын несие ұйымы» ЖШС директоры Жаңыл Жайлинаға қатысты сот үкімі шықты. Сотталушы ҚР ҚК-нің 189 бабының 4-бөілігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігі қолданылып,ол коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметін атқару құқығынан 10 жылға шеттетілді. Әрі, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, азаматтық талап қоюшы «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацяиыс» Ұлттық компаниясы» АҚ пайдасына 65 649 290 теңге өндірілетін болады. Мемлекет пайдасына да сотталушы 1 969 479 теңгені екі айда өз еркімен төлеуі тиіс.
Айта кетейік, сотталушы 2006 жылы шағын несие ұйымын құрып, 2012 серіктестік атынан «Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске кіріседі. Яғни, «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен жаңақорғандық жұмыссыз азаматтарға несие берген. Алайда, делдал ретінде тұрғындардан өндірген қажыны компания есебіне аудармай, алаяқтыққа жол берген. Соның салдарынан қос тарап та зиян шекті.
Айқыз НЫСАНБАЕВА.
***
Алаяқтық қылмысы ауданда аз емес. Мәселен, аудандық соттың өндірісінде сотталушы Бисенбаевқа қатысты іс қаралды. Қылмыскер жеке сот орындаушысы ретінде құрбандарынан алимент өндіріп беремін деп мемлекет пайдасына өндірілуі тиіс 205 902 теңгені аудармай, жеке бас пайдасына жаратып, қызмет бабын пайдаланып жымқырған. Бір емес, бірнеше тұрғынға алимент өндіріп беремін деп көндіріп жеке шотына ақша аудартып, алаяқтыққа басқан.
Алайда, соттың қаулысы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 68 бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушілермен Бисенбаевтың татуласуы негізінде қылмыскер жаза босатылды. Яғни, ҚК-ің 189-бабының 2-бөлігі, 3-тармағымен айыпталған іс тоқтатылды. Әрі, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтарпау шарасы қаулы заңды күшіне енгізіледі.
Бибайым НӘЛІБАЕВА.

Пікір 1