ӘУРЕГЕ САЛҒАН ӘДІЛЕТ ҰЙЫМЫ
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлінуде. Тегін гранттар мен жеңілдетілген несие әсіресе ауылдағы ағайынның тұрмысын тіктеуге қолқанат болғаны рас. Алайда, әрбір істің өтеуі болады, несиені қайтаруда кейде қиналып қаланытымыз жасырын емес. Жуырда аудан әкімдігінде өткен жиналыста осы мәселе басты тақырыпқа айналды.
2011-2015 жылдары «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бағыты аясында несие беру жөніндегі уәкілетті орган «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы болып белгіленген болатын. Осы жылдар аралығында 3 микро қаржы ұйымы және 15 несие серіктестік 259 үміткерге 641,5 млн. теңге көлемінде несие таратты. Алайда, берген қарыз кері қайтарылмаған, нақтысын айтқанда, мекемені 460,3 млн. теңге қарызға батырған. Сондықтан, арнайы мамандар аудан әкімдігінде жиналыс жасады.
Аудан әкімі Ғалым Әміреев төрағалық еткен жиынға «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Ирина Ким мен мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасау департаментінің бас менеджері Серік Жанабаев келіп, түсіндірме жұмысын жүргізіп, ескертпе жасады.
– Шыны керек, Жаңақорған ауданы серіктестік арқылы алған несиесін қайтармаудан қазір облыста көш басында тұр. Бұл мемлекетттің қаржысы, сондықтан әрбір істің сұрау болады. Несие алған микрокредиттік ұйымнан тек «Аруназ қаржы» несие серіктестігі ғана несиесін мерзімінде төлеп отыр. Мүмкіндігінше, ертерек құтылуға тырысу керек. Соттағы істі шиеленістіріп алмасақ болды, – деді орынбасар И.Ким.
Одан кейін сөз алған Серік Түлепбергенұлы қиындық тудырып отырған негізгі мәселелерді назарға алды. 2011-2013 жылдар аралығында «Бірлестік-и-Би», «Адилет микрокредит», «Шаңырақ» микроқаржы ұйымдары арқылы барлығы 113 азамат жылжымайтын мүліктерін кепілге қойып, несие алған. Несие кәсіпкерлерге 5 жыл мерзімге, соңғы төлеу мерзімі 2017 жылдың қыркүйек айы деп келісім шартпен белгіленген. Өз кезегінде, несие алушылар шартта көзделген міндеттерді микроқаржы ұйым алдында толық орындаған, алайда микроқаржы ұйымы қоғам алдындағы міндеттемелерін орындамаған, яғни кепілге қойылған мүліктеріне әлі күнге дейін шектеулер алынбаған екен. Бұл бір, екіншіден, несие алушылардың қарызын өтемеуі корпорацияға кір келтіруде екен.
Сұрақ-жауапқа көшкен аудан тұрғындары ашуға булықты. Олардың әрекеті өте орынды. «Әділет» ұйымынан әділетсіздік көрген жаңақорғандықтардың бір-ақ өтініші бар. Несие алғанда кепілге қойған үйлерінің құжатын қайтарып алу. Осы уақытқа дейін он тұрғын қағазын алған, ал 33 жәбірленуші соттан сотқа сандалуда. Осыны шешіп беруді өтінді.
– Біз алған несиені уақытылы өтедік. Келісім-шарт бойынша былтыр қыркүйек айында толығымен қырызымыздан құтылдық, алайда кепілдікке қойған үйіміздің құжаты қолымызға тиер емес. Қалаға бір, аудандық сотқа бір жүгіртіп, әбден сандалтты. Осындай олқылық орын алса ешкім де несие алғысы келмейді ғой, – дейді жаңақорғандық ағайын. Алайда, Серік Жанабаев «Әділет микрокредит» ұйымының басшысы Жаңыл Жайлинаның қылмысы әшкереленіп, сотталып кеткенін растады.
Мәселені анық-қанығын шешудің жолын қарастырған аудан басшысы несиесін төлемей жүргендермен әлі де жұмыс жасайтынын айтты. Ал, жиынға келген «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы АҚ-ның мүшелеріне осы іске жауапты заңгерді жіберіп, тұрғындарды әуре-сарсаңға түсірмей, құжатын берулерін талап етті. Дұрыс, қара халықты қалаға сандалта бермей істі бір жерден шешкен жөн. Бір сөзбен айтқанда, жауапты мекеме міндетін тиянақты атқаруы тиіс...