КҮРІШ ЕГЕСІН ТАНИДЫ
Шілде айының бел ортасы. Егіс даласында нағыз еңбектің қызған шағы. Кетпенін иығынан тастамайтын диқандардың көзге көрінген егісін күзгі ораққа қамдап, егіс басынан шықпайтын уақыт. Осындай тынымсыз тірліктің төскейінде жүрген дала еңбеккерлерінің жұмысын көзбен көріп қайту үшін Сыр бойындағы ауылдарды бетке алдық. Бұл жолғы бағытымыз құтты қоныс – Қожакент.
Жол бойы орналасқан ауылдағы ағайынның тыныс-тіршілігіне көз тастап қоямыз. Уақытпен санаспайтын еңбек адамдарының қазан-ошақты түтетіп, қора-қопсыны қамдап жатқан күнделікті күйбең тіршілігін сырттай бақылап келеміз. Ал, шіліңгір шілдеде төрт-түлікке тыныштық бермейтін шыбын-шіркейлер тұяқтыларды жол бойына жинапты. Осылай, әр көріністі сүзгіден өткізіп Қожакентке де келіп жеттік.
Келісілген жерде ауылдық округ әкімдігінің жетекші маманы Ермек Икрамов пен «Арай» шаруа қожалығының төрағасы Мейрамбек Асенов күтіп алып, егістікке жол бастады. Уақыт оздырмай жүйіткіген көлікпен дән даласына ентелей ендік. Аптап ыстықта жұмыстың құж-құж қайнайтын шағы емес пе?! Әр егістік басында дала еңбеккерлерінің төбесі көрінеді.
– Биыл судың аз болуынан жылдағыдан дәнді аз септік. Дегенмен, күріштің шығымы өте жақсы. Бұйыртып жатса жылдағыдай гектарынан 50 центнерден өнім жинауға ниеттіміз. Былтыр 52 центнерден келген-тұғын. Жылда 200 гектар жерді игерсек, биылғы белес 157 гектарды құрады. Ендігі мәселе күзде күрішті төкпей-шашпай жинап алу, – деп әңгімесін бастады төраға.
Межелеген уақытта егістік басына да келіп жеттік. Расында, күріштің шығымы жақсы екен. Жап-жасыл жайқалған алқапқа еніп, дала тынысымен тыныстап, күннің ыстығына жығылмай қырман басында сұхбат құрдық.
– Жалпы, жылдағы өнім еңбекті ақтай ма?
– Әрине, ақтайды. Шыны керек, біз тек «Маржан» күрішіне мамандандық. Жалпы, басқа күріш түрлері біздің жерлерге жерсінуі қиын. Сондықтан, барға қанағат етіп, «Маржаннан» несібені теріп келеміз. Шүкір, ала жаздай төккен тер аяқсыз қалмайды. Өнім сол гектарына 50 центнер болса қуанамыз. Күріштен бөлек 128 гектар мақсары мен 300 гектарға жуық жоңышқалық бар.
– Байқасақ, мал азығын дайындауда тәжірибе бар секілді...
– Мал шаруашылығы атадан қалған асыл қасиет қой. Сондықтан, ауылдастар шамасы келгенше төрт-түлікті түгендеп, қора-қопсыны қамдап қояды. Қожакенттегі негізгі еңбек саналғанымен, егін-жайдан да көшіміз ілгері. Әсіресе, жылқының жайы жақсы бізде. Жеке қожалықтар мен кооперативтің қызметі қауырт екені айтпаса да түсінікті. Алдағы уақытта қожалықта «Сыбаға» бағдарламасы арқылы мал бағытында жұмыс жасасақ деген жоспар бар. Дегенмен, негізгі басымдықты дала жұмысына арнаймыз.
– Жоңышқа демекші, өнімге сұраныс қалай?
– Ауданда жылдан жылға малдың басы артып келеді. Сондықтан жоңышқаға сұраныс артпаса кемімейді. Біздің өнімді негізгі тұтынушы Түркістан облысы. Әсіресе, Қарабұлақ ауылына біздің шөпке қызығушылық танытып, жылда сатып алады. Шындығында, жоңышқа егу мал азығын өтеу үшін ғана емес, жерді тоздырмай ұстау үшін қажет. Өйткені, ауыспалы егісті сақтау өнімділікті арттыратын тетік.
– Жалпы, қожалық қашан құрылды? Қанша тұрғынды жұмыспен қамтып отырсыздар?
– 1996 жылы құрылып, кешегі күнге дейін Нұрлан Үсенов ағамыз басқарып келді. Ағамыз дүниелік болғаннан кейін қожалықтың жұмысын қолға алған жайым бар. Маусымдық жұмыста адам саны көбейеді. Ал, нақты шаруашылықта 19 қызметкер еңбек етеді. Егер мал шаруашылығын нақтылап қолға алсақ жұмысшы саны көбейеді. Әрине, бұл да жұмыссыз жандарға үлкен демеу болар еді. Сондықтан, мүмкіндігінше әрекет етудеміз.
– Техниканың жайы қалай?
– Ауылда бар техниканы пайдамызға жаратамыз. Дегенмен, бізде механизаторлар жетіспейді. Кезінде өзім біршама жыл сол салада еңбек еткен болатынмын. Алайда, ауыл жастары техниканың бұл түрін түсінуге тырыспайды. Амал жол, жұмыс күшін көрші ауылдан алдырамыз. Жалпы, бір сөзбен баға беретін болсақ, жұмыс қарқыны жақсы. «Жерге еткен еңбек жерде қалмайды» деген рас екен-ау.
Рас, қай саланың болмасын сырын ұғып, еңбегіне адал бола білсең ісің берекелі болады. Тек мамандығына махаббатпен қараса, қайбір іс болмасын құрмет пен қошемет биігіне көтереді. Қарапайым мысал ретінде шаруашылық күрішшісі Бейсенбек Үсеновтан осындай адалдықты байқадық. 30 жылдан астам күріштің басында жүрген еңбек адамының дақылмен жаны сырластай көрінді. Ол түсінікті, таңның атысы мен күннің батысы егіннің басында болатын дала жұмысшылары табиғаттың тілін түсінеді.
– Бейсекең кезінде Социолистік еңбек ері Арапбек Абиев секілді дала академигінен тәжірибе алмасып, тәлімін алған күрішші. Алла қуат берсе Бейсенбек аға әлі талай дала жұмысына серпін береді. Көктем шыққаннан бастап егіс алаңында Бейсекең жүреді. Күріштің күтімін жасап, баптайтын да осы кісі., – деген төрағаның мақтауынан кейін істің адамын әңгімеге тарттық.
Сұрақтарға жауап бермес бұрын күрішші егістің ортасына жол бастап, жазықтау жеріне жайғасты. Айналасына бір зер салып, дала демімен тыныстап алып: «Ал, балам, сұрағыңды қоя бер» – дегендей ишарат білдірді. Диқанның жүріс-тұрысы мен түр-келбетін аңдып тұрғандықтан сұрақты қоюды бастадық.
– Аға, шаруа қалай болып жатыр?
– Өзің көріп тұрғандай күріштің шығымы жаман емес. Көктемде қорқыныш болды. Себебі биыл ауа райының салдарынан дәнді жерге кеш тастадық, дегенмен нәтиже әзірге жақсы. Уақытылы минералды тыңайтқышын беріп, суын жеткізіп тұрсаң күріш еңбегіңді еш кетірмейді. Қазір олар қырқынан шығарылды. Енді күнде үш мезгіл емес, екі мезгіл күтім болса өз-өзін бірқалыпты ұстайды. Жануар секілді бұларда тірі тіршілік иесі ғой. Бір мезгіл қарамасаң еңбегің далаға кетеді. Сондықтан, күнде осындамын.
– Жылда «Маржан» сортын егеді екенсіз. Неге басқа сорттарды сүзгіден өткізіп көрмедіңіз?
– Бұл маржан күріші өзі қазақ секілді. Біріншіден, көнбіс келеді, екіншіден, өте шыдамды. Сондықтан, жанымызға жақын тартып, егістікке жылда дәнін тастаймыз. Өнімі де жаман емес.
– Тәжірибелі диқандар күріштің көңіл-күйін баптау керектігін айтады. Бұл қалай?
– Рас. Күріш тірі организм. Ол егесін таниды. Сондықтан күніне күріштікті бірнеше рет аралап тұрмасаңыз болмайды. Ал, тіптен, келмей кетсеңіз сағынғанын байқайсыз.
Міне, күрішті жанымен түсінетін күрішші осындай сырларымен бөлісті. Күрішке деген мұндай адалдықты алғаш рет естігендіктен таңқалғаным бар...
Иә, қарап отырсақ шаруа қожалықтың жұмысы көзге көрінбегенімен, қызметі зор. Бұл ең алдымен тәжірибелі басшының біліктілігінде. Ұйымдастыра білген ғана ұтатын заманда тәжірибе мен ізденістің жемісі өрге сүйрейтіні ақиқат. Сондықтан, біз бүгін Мейрамбек Тұрғанбекұлының іскерлігіне ғана емес, оның болмыс бітіміне, тұлғалық, азаматтық қырына куә болдық. Қарапайым шаруа адамы ретінде кісілікті бойына сіңдірген ауыл азаматының жас екенін ескерсек, өмірлік тәжірибесінде әлі талай биіктерді бағындырары анық.
Еңбек даласындағы бір күндік сапарымызды аяқтап, қайта жолға шықтық.
ТҮЙІН. Жер-Анадан ырзығын теріп, нәпақасын көріп жатқан күрішші қауым енді бірнеше айда өнімін қамбаға жинай бастайды. Тек судан таршылық көрмесе болғаны...
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ,
Жаңақорған-Қожакент-Жаңақорған.