№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 72 ЖАСАР ЖЕЛАЯҚ

72 ЖАСАР ЖЕЛАЯҚ

Манап ауылының тұрғыны, жасы жетпіс екіге толған Құттықожа Көкенов ақсақалды «қария» деуге қимайсың. Десе де, жетпіс екідегі адамды «Әлі жас қой» деп тағы айта алмайсың. Спортты жанына серік етіп, жан дүниесіне денешынықтыру арқылы қуат алған бір адам болса, осы Құттықожа атамыздай-ақ болар. Ол еңбекке ерте араласты. Бүгінде бейнетінің зейнетін көруде.
Саналы ғұмырын сауда саласында, кейіннен диқаншылықпен байланыстырған манаптық ақсақалдың ісі өскелең жас ұрпаққа үлгі. Ала жаздай кетпенін арқалап, еңбек етті. Маңдай терін төгіп, ертелі-кеш егін даласынан табылды. Міне, осы еңбекқорлығын бүгінде спортпен байланыстырып, қуатты қарекет жасаудың өзіндік жолын қалыптастырған. Манап ауылының тұрғындары желаяқ қарияның шапшаң қозғалатын, көңілі сергек, мінезі елгезек екенін айтады. Құттықожа қариякүнделікті таңалакеуіммен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойында жүгіреді екен. Алғашқы он-он бес жыл 5-6 шақырымға дейін жүгіруді әдетке айналдырады. Алайда қазір 2 шақырымға азайтқан. Өйткені, аптап ыстықта жасыл келген ақсақалға жүгіру оңайға соқпайды екен. Десе де, Құттықожа Көкенов атамыз жаттығуды үйінде жалғастыруда. Күнделікті 200-30 мәрте отырып, тұрып және гантель көтеретінін жасырмады. Күндіз жүгірсе, кешкісін жорға жүріспен ауылды бір аралап шығады екен. Салауатты өмір салтын серік еткен манаптық қарт мұның бәрі өз саулығы үшін екенін алдыға тартты. Желаяқ қарт «жүрек-қан тамырлары ауруларына, тыныс алу жолдарына жүгіру таптырмайтын ем» деп отыр. Ол екі-үш күн қолы босамай ауылда болмай қалса, жүгірмегендіктен ауыр тыныстап, өзін ыңғайсыз сезінеді екен.
– Өзім таңертең күнді күншығысқа қарай жүгіріп қарсы аламын. Сосын күні бойы сергек жүремін. Көңіл күйімде жақсы болады. Күн сайын Аллаға денімнің саулығы үшін тәубе деймін. Жалпы жасы бар, жасамысы бар жүгіруді өзіне серік етсе, түрлі ауру-сырқаудың алдын алушы еді – деген қарияның тілегін оқырманға жеткізгенді жөн санадық.
Сондай-ақ Құттықожа ақсақалдың қымыз-қымыранға құмар екенін білдік. Бұл жөнінде қарияның басынан өткен қызықты оқиғасын  жаңақорғандық Ахметбек Мұзаппарханұлынан естіген едім. Енді мұны қарттың өз аузымен айтып беруін сұрадық.
1976 жыл. Бұрынғы Талап, бүгінгі Манап ауылы. Ағайынды Әбділла мен Құттықожа Көкенов қымыран ішпекке тоғанға қарай аттанады. Түйекеш Шәдманның шаңырағына тоқтап, аман-саулық сұрайды. Келгендегі мақсатын айтып, әңгімені қымыранға бұрады. Алайда Шәдман түйе сүтінің түгесілгенін жеткізеді. Осы сәтті ұтымды пайдаланған Әбділла: «Егер тапсам, қымыранды тауыспай қайтпаймын» дейді. Қар үйдің ішіне кіріп, жерден қазылған көзенің ішінен бір піләк мұздай қымыранды тауып алады. Содан ағасы інісіне қарап: «Құттықожа мынаны тауысымыз керек» дейді. Осылайша 38 литр қымыранды екеулеп тауысады. Ең қызығы, ел арасына жайылған осы оқиғадан кейін, түгіскендік қайнысы жездесін сынамаққа ауылына қымыран ішуге шақырыпты. Бір кастрөл түйе сүтін ішкізіп, артынан Талап стансасына апарып, өрік жегізеді. Соңыра, түнделетіп ұйықтап жатқан бөлмесін кілттеп қояды. Алайда қайнысының қалжыңынан еш нәтиже шықпайды. Таңертең оянған Құттықожа ауылына кері оралады. Бұлда болса, саулығына сергек қарайтын қарияның қарапайымдылығын айғақтайды.
– Құттықожа қария, 1980 жылдары ауылдан  күрес, бокс үйірмесін ашуға және футбол алаңын құруға ұйытқы болды. Спортқа бір табан жақын. Өзі мейірбан. Ешкімге қатты сөзі жоқ. Бес уақыт намазы түгел. Үнемі адалдықты ту етіп, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ісімен дәлелдеп жүрген ақсақал, – дейді Манап ауылының тұрғыны, Пахырдин Садықов.
Иә, ақсақалдың күнделікті жүгіруге қатысты әңгімесін естіп ойға қаласың. Спорттың денсаулыққа пайдалы екенін, оның артықшылығын жастар арасында насихаттаудың бірден-бір мысалы – осы Құттықожа Көкенов сынды ардагерлердің өнегелі істерін көрсету емес пе? Тағы бір айта кетерлігі, мақала кейіпкері ауылдан имандылық үйін салу жөнінде бастама көтеріп, бүгінде ауыл белсендісі ретінде мешіт құрылысының басы-қасында өзі жүр. Сауапты іске елді ұйытып, ауыл әкімімен бірге құрылысшыларға дем беруде. Бұлда болса, ізінен ерген жас ұрпақтың имандылық нәрінен сусындасын деген риясыз пейілі деп білеміз.
Әбдісамат ӘБДІШ.
14 шілде 2018 ж. 951 0