№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құдалар арасындағы дауға сот нүкте қойды

Құдалар арасындағы дауға сот нүкте қойды


ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов айтты құдалар арасындағы жанжал туралы айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.«Қызылордада екі жас ажырасып, құдалардың арасында араздық пайда болған. Кешегі құдалар бір-бірімен айтыса бастаған. Бір жағының жағдайы жақсы болуы керек. Сол екіншісіне «мен сені құртамын» дейді. Сөйтіп барын салып, таныстарын салып, органдарды тартып, бұрынғы құдағиын 5 жылға соттатады. Қалалық сот та, облыстық сот та көз жұмып қараған. Осы істі жақында Жоғарғы сотта қарап, ол кісіні ақтадық», – деді Жақып Асанов.
Жоғарғы сотының төрағасы осы сот ісін жүргізген тергеушінің  өзі сотталып кеткенін айтты.
«Одан кім ұтты? Жастар ажырасты, құдалар бірін-бірі көрмеске айналды. Сотқа берген жақ абыройдан айырылды, ұятқа қалды. Қит етсе «сотқа беремін, құртамын, жоямын» дейтін жағымсыз әдет әлі де бар. Ол қара басын ойлаған, мәдениеті төмен адамдарға тән қылық. Нағыз жөнсіздік, әдепсіздік. Тіпті көргенсіздік деп те айтуыма болады. Одан жастарға қандай үлгі, қандай өнеге?», – деді Жоғарғы сот төрағасы.
13 шілде 2018 ж. 898 0