№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

           
Жаңақорған аудандық сотында сотталушы К. қатысты ҚазақстанРеспубликасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық теріс қылық ісі қаралды.
          Сотта анықталғандай, 31 мамыр 2018 жылы Жаңақорған стансасының желілік полиция бөлімінің полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде теміржол вокзалы перронында мас күйінде жүрген сотталушы К. аяғына киген шұлығынан қағаз қиындысына оралған өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақталып, тасымалданған жалпы салмағы 2,66 грамм «кептірілген марихуана» есірткі заты алынған.

         Сот отырысында зерттелген 11 маусым 2018 жылғы қайтыс болу туралы медициналық куәлікке қарағанда, сотталушы К. 6 маусым 2018 жылы Жаңақорған кентінде теміржол көлігі қағып кеткен жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болған.
14 маусым 2018 жылғы сот қаулысымен сотталушы К. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нiң 296-бабының 2-
бөлігімен айыпталған қылмыстық іс тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген
Жаңақорған аудандық сотының маманы Б.Калдыбаев.
02 шілде 2018 ж. 1 018 0