РЕЛИКТІ ШАҒАЛА ӘЛЕМНІҢ ТЕК ЕКІ ЖЕРІН МЕКЕНДЕЙДІ
...Өзгенің ұясын ойран қылса да, өзінің балапанын қырағылықпен қорғап, қанатын қақтырғанша тыным таппайтын шағалалар жылына 10-15 жұмыртқа басады. Тек сол 15-тен тек 2-3-ін ғана аман алып қалады. Оған себеп, жоғарыда айтқандай, тіршілік үшін күрес, құстардың бір-бірінің жұмыртқасын азық қылуы. Топтасып тіршілік кешетін олардың 1 отарында 10 мыңнан аса шағала болады екен. Шағала әлемдегі ең көп таралған құстардың қатарына жатса да, олардың кейбір түрінің саны мүлде аз. Әлемдік қорғауға алынып, «Қызыл кітапқа» енгізілгендері де бар. Соның бірі – әлемнің тек екі жерін мекен ететін Реликті шағала.
Алакөл аралдарындағы қия тастардың арасына ұя салатын ол 1984 жылы жоғалып кету қаупі бар, саны өте аз құс ретінде КСРО-ның Қызыл кітабына енгізілген. Қазіргі уақыттағы саны, шамамен 5 мыңнан асады. Мамыр айының ортасында Алакөл Аралтөбелерінде ұя салып, бар-жоғы 1-4 жұмыртқа басады. Бұл жұмыртқадан жетілген балапан 40-45 күнде қанаттанып, өз еркімен ұша алатын хәлге жетеді. Олар, көбіне жәндіктермен, ұсақ майшабақтармен қоректенеді. Әсіресе, масаны жақсы қорық етеді. Шағаланың бұл түрі ғылымға ең алғаш рет 1929 жылы енгізілді.

Пікір 2