Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төрешілердің қараулығы

Төрешілердің қараулығы


Менің тағы бір жаныма бататыны – бүгінгі біздің ақын-жазушыларымыздың  тілі кедейленіп барады. Бұған жеңіл-желпі қарауға болмайды. Тіл дегеніміз барлық халықтың кешегі, бүгінгі ғана тағдырыемес, ертеңгі де тағдыры. Кез келген ұлттың тілін, дәстүрін білмей, оның жанын, арманын білу, сенім, құрметіне бөлену мүмкін емес.

Бір мысал. Халқымның тілі мен дәстүрін ту етіп айтысқа түскен орыс қызы Надежда Лушникованың өнерін тұңғыш тамашалағанымда, тұла бойым шымырлап, жанарыма жас үйірілгені бар. Ал айтыс соңында Надежда өнерін елеусіз қалдырған төрешілер алқасының әділетсіздігіне, топас өзімшілдігіне ыза болғаным сондай, орнымнан ұшып тұрып: «Бас бәйге сенікі, Надя қызым!» – деп көп жылғы сенімді серігім – алтын сағатымды білегіне қалай таққанымды есіме алсам, әлі күнге қуанам.P.S. Дана бабаларымыз «Тура биде – туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қазы мен биге тоқтам салып огтырған. Баукеңнің де төрешілерге наразылығы осыдан туған. Әйтпесе өзге ұлттан шықсада  қазақтың қара сөзінен қаймақ айырып отырған Надяға  бір сияпат жасар еді, қайтерсің  төрешілердің қараулығы. Соның салдарынан шын таланттар ел ішінде елеусіз қалып жатыр.
22 маусым 2018 ж. 997 0