Жат жарылқамайды
–Майқы биді естуің бар шығар?
–Бар. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би»дегүен сөздің иесі ғой.
–Дұрыс! Әкемнің айтуынша, ол тоғыз ханға ақылгөй болған кісі екен. Тоғыз ханның бірі – Шыңғыс хан. Ол баласына да,туған-туысқанына да сенбей, тек Майқы биге ғана сенген. Өзі жорыққа аттанғанда, ел билігін басқаға емес, Майқы биге ғана тапсырып отырған. Себебі, адал болған әрі оның берген кеңесі үнемі дұрыс боп шығады екен.
Шыңғысхан бірде:
–Дүниежүзін жаулап аламын, – дегенде:
–Бұл райыңнан қайт,өзіңе өзің қастық ойлап, азап тілеме. Жат жер ешкімді жарылқамайды, – деген. Қандай даналық сөз, ә?
P.S. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген асыл сөз қаншама әділдіктің қиын екенінен хабар берсе керек.