№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДАРА КӘСІПКЕР ҚАЛАЙ АТАНУҒА БОЛАДЫ?

ДАРА КӘСІПКЕР ҚАЛАЙ АТАНУҒА БОЛАДЫ?


Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аудару қажеттігін айтуда. Оған қоса, жергілікті жерлерде кәсіпкерлік кең қанат жайып, бизнесін кеңейткісі келетін жандар күн санап артуда. Осы тұста, дара кәсіпкер қалай атануға болады, кандай құжаттар қажет екенін білмек мақсатта аудандық мелекеттік кірістер басқармасына арнайы барған едік. Басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Берік Ниетәлиевке жолығып, толғандырған сауалға жауап іздедік.
– Жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу салық органында дара кәсіпкер ретінде есепке қою арқылы жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады. Кәсіпкер қызметтің заңда тыйым салынбаған кез келген түрлерімен, атап айтқанда, коммерциялық делдалдықпен, сауда жасаумен, сатып алумен, кеңес беру қызметімен және басқа қызметтермен, бағалы қағаздарға байланысты операция жасаумен айналыса алады, – деді Берік Ниетәлиев.
Жалпыға түсінікті тілде айтар болсақ, мемлекет алдында салық міндеттемесі туындаған тұлға, яғни өздігінше табыс тауып жүрген кез келген Қазақстан Республикасының азаматы дара кәсіпкер ретінде салық органдарына келіп тіркелуі тиіс.
Тілдесу барысында белгілі болғандай, аудан бойынша 3526 кәсіпкерлік субьектісі тіркеліпті. Олар үш салық режимінде жұмыс істейді. Біріншіден дара кәсіпкер патент негізінде өзінен басқа жұмысшы күшін пайдаланбайтын жалғыз адам. Бұның ішінде ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің 300 есесінен аспайтын тауар айналымы сомасы аспаса (ең төменгі айлық есептік көрсеткіш 2405 теңге – авт.). Яғни дара кәсіпкер тауар айналымының 2 пайызын төлейді. Осы салық режимін пайдаланатын 570 дара кәсіпкер бар. Қазіргі таңда олардың 13-і жұмыс істемесе, 18-і уақытша жұмысын тоқтатып тұр екен.
– Мұнан кейінгі екінші салық режимінде, яғни оңайлатылған салық режимінде жұмыс істейтін қарамағында 50 адамға дейін жұмыс күшін пайдаланатын, тауар айналым сомасы салық кезеңінде 2044 еседен аспайтын жағдайда кәсіпкер айналым сомасының 3 пайызын төлейді. Осы орайда, салық кезеңінің 6 ай екенін ұмытпауымыз керек. Бұл режимде аудан көлемінде 2017 кәсіпкер есепте тұрады десек, оның 28-і мүлдем жұмыс істемейді. Ал отыз бес кәсіпкер қазіргі таңда уақытша жұмысын тоқтатып тұрғандықтан салықтың бұл режимінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер дара кәсіпкерлер тобына жатпайды, – деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Б.Ниетәлиев.
Сондай-ақ салық төлемінің үшінші режимінде жұмыс істейтін дара кәсіпкердің атқаратын қызметі төмендегі заңдылыққа сүйенеді. Жалпыға бірдей негізде тоқсан сайын салық есептілігін тапсыратын тауар айналымы туралы мәліметті кіріс-шығысын көрсете отырып жылына бір рет тапсыратын, таза табысынан 10%-ын салық түрінде төлейтін тұлғалар. Ауданда осы режим негізінде жұмыс істейтін 903 кәсіпкер бар. Қазіргі таңда осы кәсіпкерлердің екеуі жұмысын тоқтатып тұрса, енді бір екеуі жұмысын уақытша тоқтатып тұр екен. Осы орайда бұл режимде жұмыс істейтін дара кәсіпкер қарамағында елу адамнан артық жұмыс қолы болатынын жеткізді Берік Саңғылбайұлы.
Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының берген мәліметіне қарағанда жалпыға бірдей негіздегі салық режимндегі жұмыс істейтін дара кәсіпкерлер арасында уақтылы есеп бергенімен, есебін нөлдік көрсеткішпен беретін «пысықай» дара кәсіпкерлер де, қарамағындағы жұмысшы санын да дұрыс көрсетпейтін кәсіпкерлердің барына көз жеткіздік.
Бұлай жасау кәсіпкерге оңтайлы болғанымен жұмысшыға тура келмейтіні белгілі болды. Оның дұрыс болмауы біріншіден ол жұмысшыға әлеуметтік салық түрлері төленбейді. Егер ертеңгі күні жұмысшы ауыра қалса, ол дәрігерге тек ақылы негізде көрініп ем қабылдай алады.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
16 маусым 2018 ж. 1 219 0