№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Жаңақорған аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды


Жаңақорған аудандық сотында азаматша Т.-ға  қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1 бабының 1 бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта, құқық  бұзушы  Т.-ның інісінің үйінде келіні П.-мен сөзге келіп қалып, оны ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды
Сотта қарау барысында құқық бұзушы Т. кінәсін мойындап, келіні П.-дан кешірім сұрап, онымен татуласуына байланысты, әкімшілік істі қысқартуды және әкімшілік жауаптылықтан босатуды сұрады. Сот отырысында жәбірленуші П. аталған оқиға бойынша жұбайының әпкесі Т.-ға кешірім беріп, онымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетті.
Аудандық соттың қаулысымен азаматша Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ің 64 бабының 1 бөлігінің негізінде жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылып, әкімшілік ісі өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
 Э.Серікбаева.
15 қаңтар 2018 ж. 1 634 0