№22 (8836) 29

29 наурыз 2025 ж.

№21 (8835) 23

23 наурыз 2025 ж.

№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Қышыма ауруы жайлы!

Қышыма ауруы жайлы!




Қышыма – адам терісінде өмір сүретін Sarcoptes scabiei қышыма кенесі тудыратын жұқпалы тері ауруы. Жұқпа көзі – қышыма ауруымен науқастанған адам. Инкубациялық мерзімі  бірнеше күннен 2 айға дейін болады.

Жұқтыру жолдары
Қышыманың тікелей және жанама жұқтыру жолдары бар. Инфекцияның тікелей жұқтыру жолы кезінде қоздырғыш ауру адамнан сау адамға денесімен жанасқан кезінде жұғады. Инфекция қоздырғышы жанама жұқтыру жолы – тұрмыстық заттар, ең алдымен жеке пайдалануға арналған (төсек, сүлгі, жуғыш, жұмсақ ойыншықтар, спорт құралдары, науқас адамның киімдері және т.б.) заттар арқылы да беріледі.
Қышыманың негізгі белгілері:
- әсіресе түнде айқын болатын қарқынды қышу:
- саусақтардың арасындағы қатпарларда, кеуде терісінде, іште, белде, бөкседе, санның ішкі бөлігінде орналасқан жұптасқан ұсақ түйіндер, везикулалар түріндегі бөртпелер. Сонымен қатар, балаларда бөртпе жиі алақанда, табанда, бас терісінде және бетінде пайда болады.
Қатты қышыну теріні тырнауға әкеледі, нәтижесінде қышыма жиі қайталама инфекцямен асқынады (карбункул, фурункул, лимфаденит, дерматит және т.б.). Сондықтан, қышыманың алғашқы белгілері пайда болған кезде, қажетті сараптама жүргізуді және тиісті емдеуді тағайындау үшін білікті медициналық көмекке жүгіну керек.
Аурудың тәуекел тобына кешкі және түнгі уақытта тікелей жақын тұрмыстық байланыста болатын адамдар кіреді – бұл бір отбасының мүшелері, жатаханада, бір бөлмеде тұратын, бір палатада емделетін адамдар және т.б. Сондай-ақ, моншаларда, душтарда, қонақүйлерде және санитариялық-дезинфекциялық режимді өрескел бұзған жағдайда жұқтыру жағдайлары жиі кездеседі.
Қышыманың эпидемиялық ошағында (отбасы, жатақхана, казарма, балабақшадағы топ, мектеп сыныбы және т.б.) науқас адаммен қарым-қатынаста болған барлық адамдар тексеріледі. Ауруды жұқтырған адам толық сауығып кеткенше оқудан және жұмыстан шеттетіледі. Қышымамен ауыратын науқастың киімдері, төсек-орындары, тұрыстық заттары міндетті түрде дезинфекциялаудан өтуі тиіс.
Қышыманы алдын алудың негізгі шаралары жеке гигиена ережелерін сақтау, науқастарды белсенді анықтау және емдеу болып табылады.
Қышымамен ауырмау үшін  эпидемиологтар қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:
- жүйелі түрде жуыну қажет, іш-киімді міндетті түрде ауыстыра отырып, ыстық сумен жуып, үтіктеу керек;
- басқа адамдардың киімдерін, қолғаптарын, аяқ киімдерін, төсек-орын жабдықтарын, сүлгілерді, жуғыштарды, ойыншықтарды және басқа заттарды пайдаланбау керек;
- қоғамдық орындардан үйге қайтқанда, көлікте жүргенде міндетті түрде қолды сабынмен жуу, қолды және тырнақты үнемі таза ұстау қажет;
- үй-жайларды үнемі тазалап тұру керек;
- моншаларда, душтарда белгіленген санитариялық режимді сақтау қажет.
Жеке гигиена шаралары мен гигиена нормаларын сақтау арқылы, сіз өзіңізді және жақындарыңызды қорғай аласыз.

Ж.Шайхысламов
Жаңақорған ауданы СЭББ бөлім басшысы 
25 наурыз 2025 ж. 157 0