Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дерматомикоз және оның алдын-алу

Дерматомикоз және оның алдын-алу

Дерматомикоз (трихофития, микроспория) – бұл микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын адам және жануарлардың жұқпалы тері ауруы.
Аурудың көзі - осы жұқпамен ауырған жануарлар (ит, мысық, төрт түлік мал) немесе науқас адам болып табылады. Аурудың белгілері көбіне денеде, бастың шаш бөлігінде, тырнақта пайда болуы мүмкін, ауру біртіндеген қызғыш немесе қызарған дақтардың пайда болуынан басталып, одан әрі көптеген ошақтарға айналады.
Ауру науқас адам немесе жануармен тікелей қарым-қатынаста болған жағдайда жұғады, сонымен қатар, науқас адамның заттарын (киім, бас киім, тарақ, қайшы, төсек жабдықтары) қолданған кезде жұғады.
Адамдар көпшілікке қызмет ететін мекемелерге барғанда (сауна, жасанды су қоймасы, монша, шаштараз, спорт кешендері) жеке гигиенаны сақтамағанда, ауру адамның тарағы, сүлгісі, бас киімдері, аяқ киімі, жөкесі тәрізді жеке заттарын қолдану барысында жұқтырады.
Дерматомикоздың басты белгілері:
-терідегі гиперемияланған жерлер;
-аяқ-қол тырнақтарының пластинкаларындағы патологиялық өзгерістер;
-теріде қызарған дақтардың, қабыршақтардың пайда болуы;
-бөртпе көпіршіктердің пайда болуы;
-дененің қышуы, ашуы.
Дерматомикоздың алдын алу іс-шаралары:
-жеке бас гигиена ережелерін сақтау (моншада жуынатын легендерді дезинфекциялау, отбасының әрбір мүшесінде жеке бас гигиенасына арналған заттардың болуы);
-бассейндерде, моншаларда, жағажайда резіңке аяқ киімдерді пайдалану;
-қоғамдық орындарға барып келгеннен соң қолды мұқият сабынмен жуу;
-қаңғыбас жануарлардан аулақ жүру;
-үй жануарларын ветеринарлық дәрігерге уақтылы көрсетіп, қажетті екпелер алу;
-егер сіздің айналаңызда тері ауруымен ауыратындар болса, жеке гигиеналық тазалыққа көңіл бөлу.
Дерматомикоздың алғашқа белгілері пайда болған кезде тез арада дерматологқа көрінген жөн!

Ж.Нұрсұлтанова
Жаңақорған аудандық СЭББ басшы орынбасары 
07 ақпан 2024 ж. 356 0