№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сібір жарасы - қауіпті індет

Сібір жарасы - қауіпті індет

  Сібір жарасы - жіті өтетін, зооноз тобындағы яғни жануарлар мен адамға ортақ, аса қауіпті инфекциялық ауру. Қоздырғышы спора түзетін бактерия (Bacillus ahthracis). Споралар тірі организмнен тыс сыртқы ортада түзіледі. Физикалық және химиялық әсерлерге төзімділігі жоғары, жануар немесе адам ағзасына түскенде аса күшті әсерлі у- экзотоксин бөледі.

      Инфекция көздері ауыл шаруашылығы жануарлары болып табылады. Ауру жануар қоршаған ортаға зәр, нәжіс, сілекей, жарадан аққан сұйықтық арқылы қоздырғыш шығарады. Адамға бұл ауру ауырған малды күтіп бағу, сою кезінде, терісін, жүнін өңдеу кезінде, ауру малдың етін жегенде жұғады.
       Көп жағдайда тері формасы кездеседі. Теріде қызарған қышыма қызыл дақ пайда болады. Кейін ол қан аралас көпіршіктерге, содан кейін карбункулға айналады.
       Өкпе формасы сирек кездеседі. Дене қызуының көтерілуі, ентігу, қан қысымының төмендеуі, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, қанды жөтел болады.
       Өте сирек жағдайда асқазан-ішек формасы кездеседі. Дене қызуының көтерілуі, қанды іш өту, қан құсу болады.
       Аурудан сақтану үшін малыңызға міндетті түрде вакцина ектіріңіз. Ветеринариялық ілеспе құжаты болмаса кездейсоқ жерлерден мал және мал өнімдерін сатып алмаңыз. Етті арнайы жерде сойылған, ветеринариялық тексеруден өткен өнімдер сататын дүкен, базарлардан алыңыз.
       Статистика көрсеткендей, Қазақстанда жануарлар мен адамдар арасында сібір жарасы ауруы тіркелуде. Алдын алу шаралары сібір жарасын жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі.
ҚР АШМ ВБжҚК-нің Жаңақорған аудандық аумақтық
 инспекциясының бас маманы Қ. Әуезбеков

23 тамыз 2024 ж. 467 0