Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 543

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Табиғат байлығына қамқорлық керек

Табиғат байлығына қамқорлық керек


Қыс мезгілінде де балық шаруасына дем беріп, күтім жасау аса қажет. Осыған байланысты, Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі КММ-нің қызметкерлерімен резервтік қорда орналасқан «Ала көл» және «Кіржуған» көлі, «Қалғандария-1», «Қалғандария-2», «Қалғандария-3», «Қалғандария-4», «Баспақ көл», «Тынысбек», Бозкөл, «Қандыарал», «Нарсоққан», «Жаманбала-Қамбаркөл», «Қойлық», «Имаш», «Жашыкөл», «Өзгент» пен «Борықты», «Қожакент», «Иван», «Мырзакөл», «Жыңғылдысай», «Айдархан» мен «Молдақорған» көл су айдындарында балық қырылудың алдын алу бойынша мұз ою іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға 50 адам және 22 автокөлік мұзды бұрғылауға, кесуге арналған құралдар жұмылдырылды. Барлығы 220 ойық бұрғыланды. Бұл шара жалғасын табатын болады. Ең бастысы, табиғат байлығына қамқорлықты тоқтатпауымыз керек.

Ермұханбет БАЯЗИТОВ
01 ақпан 2025 ж. 456 0